• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

Тарих сырын шерткен

483 рет
көрсетілді

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыны алғашқы көрер­мендері ретінде Астана қала­сының балалар үйі мен аз қам­тылған отбасылардың балалары шақырылған. Жастарға патриоттық тәр­бие беру мен олардың азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету – қазіргі таңда аса өзекті мәнге ие. Өз Отаныңды қастерлеу және оған деген кіріксіз, адал сезім жеке адамның әлеуметтік, рухани, имани және дене тәрбиесі тұрғысынан да дамуына үлкен серпін береді. Патриотизм еге­менді Қазақстанның жалпы­ұлттық мұратында маңызды орын алады. Осы мақсатты орындау үшін «САҚ-дала» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша осы туындыны жарыққа шығарып отыр. Өзінің маңыздылығы жа­ғы­нан айрықша «Қазақ елі» анимациялық фильмі болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Кар­тинада бас кейіпкерлердің шайқастың айла-тәсілдерін, ғылымды қалай меңгергендері және бостандық пен тәуел­сіздік үшін күрес жолын­да Қазақ елінің басын қа­лай біріктіргендігі жайлы әңгімеленеді. Мультфильмнің кадрларында шетсіз-шексіз қазақ даласы, заңғар таулар және Сығанақ, Отырар, Тараз бен Түркістан секілді ежелгі қалалар бейнеленген. Жобаға танымал отандық ғалымдар мен жазушылар атсалысқандықтан, фильм тарихи айғақтармен өріліп, балаларға түсінікті тілде же­ңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. Анимациялық фильмнің бас кеңесшісі Арыстанбек Мұ­хамедиұлы, тарих ғалым­дары­ның докторы, профессор Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков. Бас кейіпкерлерді Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академия­лық балалар және жасөспірім­­дер театрының, сондай-ақ Ж. Ша­­­нин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстаған. Фильмнің саунд­трек­терін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды басқа да танымал қазақстандық ән­шілер орындаған. Картинаның жасалуында 2D және 3D-технологиялар пайдаланылды. Аталмыш жобаға 60-тан аса адам жұ­мылдырылған екен. Туын­дының бас продюсері Сәбит Әбдіқалықовтың пікірінше, қазақстандық әртістер та­рихи тұлғаларға тән бейнені дү­ниеге әкелу үшін аянбай еңбек етті. «Қазақ елі» атты тұң­ғыш тарихи-анимациялық фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»