• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2016

ЭСКАТО-ның 72-ші сессиясы өтті

465 рет
көрсетілді

Бангкок қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация Азия мен Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның 72-ші сессиясына қатысты. Өңірдің 54 мемлекетінің сессияға қатысқан өкілдері 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ мем­лекет басшылары Нью-Йорк­те қабылдаған Орнықты даму мақ­саттарын іске асыру аясын­да өңірдегі экономикалық ынты­мақ­тастықты нығайту, инновациялар және технологиялармен алмасу, климаттың өзгеруі салдарымен күрес мәселелерін қарастырды. Сессияның бірінші күнінде Е.Ашықбаев жоғары деңгейдегі пленарлық отырыста сөз сөйлеп, делегацияларды Қазақстанның БҰҰ мақсаттарын жүзеге асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандық ұйымның индустрияландыру, жаңа технологияларды тарту, жұмыс орындарын ашу мен әлеуметтік даму сияқты басым­­дық­тарға қол жеткізу бо­йынша тәжі­рибелік элементтерден тұ­раты­нын атап өтті. Қазақстан көлік, энер­гетика, азық-түлік және су сала­ларындағы ынты­мақ­тастық­ты нығайта отырып, БҰҰ мақсат­тарын өңірлік деңгейде басшы­лыққа алатыны, Каспий өңірі мен Оңтүстік Азиядағы көп­жақты өзара іс-қимылды дамыта отырып, Еуразиядағы инте­грациялық үдерістерді белсенді қолдайтыны атап көрсетілді. Азия мен Тынық мұхиты ел­дері үшін ЭКСПО-2017 тақы­рыбының жеке маңызы айтылды. Көрме аясында технологиялық алшақтық пен климаттың өзге­руіне жауап қайтару бойынша ірі халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және техно­логиялар саммитін өткізу жос­парланғанына назар аударылды. Е.Ашықбаев 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқан 2045 жылға қарай, яғни Ұйым­ның 100 жылдық мерейтойы­на әділетті және қауіпсіз әлем тәртібіне қол жеткізуге бағыт­талған Қазақ­станның бастамалары тұрғысында қатысушыларды «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің мазмұнымен таныстырып, кө­терілген мәсе­лелердің өзектілігі барлық елдерге қатысты екенін ерекше атады. Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілге­рі­лету үдерісі шеңберінде қа­зақ­стандық делегация Филиппин, Не­пал, Маршал аралдары, Кири­бати, Самоа және Соломон арал­дары өкілдерімен кездесулер өткізді.