АСТАНА. 19 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб республикасының президенті Әбдел Фаттах Әс-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жеделхатта мысырлық авиакомпания ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.