• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Мемлекет басшысы Франция президентіне көңіл айтты

282 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз республикасының президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елбасы көптеген француз азаматтары қазаға ұшыраған мысырлық авиакомпания ұшағының апаты туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, француз халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.