АСТАНА. 20 мамыр. Алматыда осымен екінші рет таэквондодан «Барыс кубогы» турнирі болып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған еліміздің әр жерінен, сондай-ақ Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан 1200-ден астам спортшылар қатысуда. Турнир 22 мамырға дейін болады. Осы үш күнде спортшылар өзара мықтыны анықтайды.
Бірінші топта 2007 – 2009 жылдары туған балалар, екінші топта 2005 – 2007 жылғы жасөспірімдер бақ сынасса, 2002 – 2004 жылғы кадеттер үшінші топта айқасады. Ал 1999 – 2000 жылдары туған жастар мен 1998 және одан үлкен жастағы жігіттер ересектер арасында өтетін жекпе-жектерде күш сынасады.
Турнир Таэквондо федерациясының ұйымдастыруымен Республикалық спорт колледждің жеңіл атлетика манежінде өтуде.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.
Фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e