• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №251

269 рет
көрсетілді

2015 жылғы 19 желтоқсан, Алматы қаласы Исламдық бағалы қағаздарды шығару,айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. «Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттік тіркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы №57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5669 тіркелген). 2. «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6219тіркелген, 2010 жылғы 26 тамыздаҚазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында №14, 2010 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде №456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтықактiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiнөзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 26-тармағы. 3. «Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №77қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7535тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде №582-587 (27660)жарияланған) бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақорналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойыншаҚазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтықактілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы. 4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі №110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда «Заң газеті»газетінде №115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілері тізбесінің 23-тармағы. 5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №109қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9712 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда «Заң газеті» газетінде №162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13006 болып енгізілді.