• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №42

560 рет
көрсетілді

2016 жылғы 12 ақпан, Астана қаласы «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамын:». 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13462 болып енгізілді.