• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Сүйектен де сыр түюге болады

494 рет
көрсетілді

«Ел іші – өнер кеніші» деге­німіз рас. Іздей берсең, інжу-маржан табылып жататынына да қанықпыз. Соның бір мысалын Ақмола облысының Шортанды ауылында тұратын Бектас Кәрімге қаратып айтуға болады. Бектас бауырымыз ерекше суретші болып шықты. Оның басқалардан айырмашылығы, артықшылығы десек те болар, кә­дімгі малдың сүйегінен қолөнер бұйымдарын жасайды. Жалпы, сүйектен өнер туындысын тудыру ертеден бар. Бірақ, Бектас Кәрімнің айтуынша, Қазақстанда мұндай бастаманы ол бір кездегі атақты қолөнер шебері Дәркенбай Шоқпарұлынан кейін екінші болып қолға алып отыр. Себебі, басқа суретшілер мен мүсіншілер сүйекті толығымен, яғни оны қаз-қалпында бір композицияға арнайды екен. Ал Бектас сүйекті ойып, одан ға­жайып бейнелер жасай береді. Бүгінгі күні суретші аудан­дық мәдениет үйінде еңбек етіп жүр. Онда өзінің арнайы мектебін де ашты. Отыз жыл­ға жуық ха­лық өнерін түр­лен­діруге үлес қосып келе жатқан Бектастың мектебінде он бала тәлім алуда. – Негізгі мақсат – өз білгеніңді ұрпаққа үйрету. Өзіңнің сүйектен жасаған дүниелеріңді кім үйренем десе, кім сұраса, соның жолын ұқтырып, көрсетіп, игілікке жарату, – дейді шебер. Сүйектен түйін түюден бөлек, суретші мұнда сахнаны әрлеу, шымылдықты түрлендіру, киім­дер үлгісін жасаумен де айналысады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы