• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Форумға Латвия делегациясы келеді

276 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Латвия Республикасының Қазақстандағы елшісі Юрийc Погребнякспен оның өтініші бойынша кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар «Діндер терроризмге қарсы» халық­аралық конференциясына қатысатын Латвия Республикасы делегациясының алдағы сапарын талқылады. Елші Қазақстан елордасының діни қайраткерлер мен ұлттық парламенттер депутаттарына терроризм мен эстремизм қаупіне, діни төзбеушілікке қарсы іс-қимылда, конфессияаралық үн­қатысуды ілгерілету үшін бір­лесіп әрекет етудің жолдарын ашық талқылау үшін ортақ алаң ұсынудағы рөлін ерекше атап айтты. И.Адырбековтің пікірінше, «Діндер терроризмге қарсы» конференциясын өткізу жаһандық деңгейдегі ұлтаралық және дін­аралық келісімді қолдау және нығайту мә­се­лелері жөніндегі келісілген қа­дамдарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Сенатор конференцияға Латвия парламенті төрағасының орынбасары Инесе Либиня-Эгнере бастаған делегацияның қатысу жоспарына ризашылық білдірді