• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың үндеуі

275 рет
көрсетілді

(«Прокуратура туралы» Заңның 25-2-бабының тәртібінде) «Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2016 жылғы 6 ма­мыр­­дағы Жарлығымен Жер кодек­сінің кейбір нормаларын қол­дануға мораторий жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылды. Оның құрамына азаматтық қоғам институттарының басшылары мен белсенділері кірді. Азаматтар Комиссия жұ­мысына өңірлерде құрылған қоғамдық кеңестер арқылы да қатыса алады. Комиссия отырысында пікір алмасу барынша ашық. Оның қызметі ақпарат құралдарында тұрақты жариялануда. Арнайы ашылған jerturaly.kz сайтында қазақстандықтар өз сұрақтарын Комиссияға қойып, ұсыныс-тілектерін бере алады. Бір сөзбен, жер мәселесі бо­йынша кез келген пікір білдіру үшін барлық жағдай жасалған. Алайда, кейбір адамдар осындай жағдай мен заң талаптарын елемей, ортақ диалогтан қашып, халықты заңсыз қарсылық акция­ларына шақыруда. Әлеуметтік, ұлтаралық араз­дықты қоздыру үшін жалған ақпарат әдейі таратылып жатыр. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді. Осыған байланысты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ел азаматтарын мұндай арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершілік танытуға шақырамын. «Прокуратура туралы» Заңның 25-2-бабын басшылыққа алып, заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру, тіпті оған қатысудың өзі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін. Құқық қорғау органдары кез келген заң бұзушылықтың жолын кесіп, қылмыстық қуда­лауға дейін заңда көзделген шараларды дереу қабылдауға міндетті».