• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2016

Қарағандыда мәдениет және өнер адамдары марапатталды

317 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 23 мамыр. Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәдениет және өнер адамдарына жеті аталым бойынша әрқайсысы 100 мың теңгенің сертификаттарын тапсырды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әкімнің қолынан жүлде алғандардың арасында вокалистер, хореографтар, көркемөнер ұжымдарының жетекшілері, балалар-жасөспірімдер клубтарының нұсқаушылары, кітапханашылар, ойын-сауық думандарын ұйымдастырушылар болды. «Өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Біздегі мәдени-ойын-сауық ұйымдарының қызметіндегі басымдық берілетін дүниелер адамгершілік пен патриотизм болу керек. Экономикалық дағдарыс адамгершілік тұрғыдағы дағдарыстың жанында түкке де тұрмайды», – деді қала әкімі. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.