АСТАНА. 23 мамыр. Эверестке шыққан голландиялық Эрик Арнольд пен австралиялық Мария Стридом қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Болжам бойынша, опат болғандар тауда шалдығатын гипоксия дертіне шалдыққан Қайғылы оқиға Эвересттен түсіп келе жатқан кезде орын алған. Эрик Арнольд бұл шыңды 5-ші әрекетінен кейін барып бағындырған.
Бұл осы жылы тіркелген бірінші оқиға. Альпинистер биіктігі 8848 метрді құрайтын шыңға алғаш рет 1953 жылы шыққан. Мәліметтер бойынша, содан бері осы аймақта 200-ден астам асқарпаз қаза тапқан.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.