• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2016

Христофор Колумбтың ұрланған хаты Италияға қайтарылды

422 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. Әйгілі саяхатшы Христофор Колумбтың ұрланған хаты Италияға қайтарылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл хатта оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада ашқан жаңалықтары жазылған. The Telegraph басылымының мәліметтері бойынша, тарихи хат өткен ғасырдың ортасында Флоренция кітапханасынан ұрланған. Америкаға екінші саяхатында, яғни 1493 жылы Христофер Колумб экспедицияны қаржыландырған Испания королі мен ханшайымына хат жазды. Ол Эспаньола мен Куба түбектеріндегі жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, сол жердің халқынан алған әсері жайлы жазған. Қазіргі таңда хаттың 30-ға жуық көшірмесі сақталған. Италияға қайтарылған хат Флоренциядағы Рикардиан кітапханасында сақталып келген. Кітапхана директоры 1950-51 жылдары жасалған хатты біреулер ұрлап, оның орнына жасанды көшірмені алмастырып кеткенін мәлімдеді. Швейцариядағы сирек кітаптарды жинаушы 1990 жылы ұрланған хатты сатып алған, ал 1992 жылы құжат аукционда сатылып, 2004 жылы иесі оны Вашингтондағы Конгресс кітапханасына сыйлаған. АҚШ-тың әділет департаментіне 2012 жылы Колумб хатының ұрланғаны туралы құпия мәлімет келіп түсті. Сарапшылар хаттағы Рикардиан кітапханасының мөрін жою үшін ұры химиялық реагентті пайдаланғанын анықтады. Хатты АҚШ-қа кімнің әкелгені белгісіз. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.