• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2016

Астанада стритболдан әлем чемпионаты өтеді

174 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. 1-6 маусым күндері елордада стритболдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысқа әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстанның ерлер құрамасы С тобында Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен ойнаса, қыздар командасы В тобында Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі. Әлемдік дода «Астана Опера» ғимаратының жанындағы алаңда өтеді. Оны тікелей трансляцияда Kazsport телеарнасы мен FIBA-ның Youtube желісіндегі ресми арнасы көрсетеді. «Бүгінгі таңда стритбол бұқаралық спорт түріне айналып отыр. Елімізде де спорттың осы түрі жақсы дамып келеді. Қазір бүкіл мектеп аулаларында баскетбол  алаңдары бар. Бұл чемпионат бұқарлық спорттың дамуына ерекше серпін береді»,  деді Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істеру комитеті төрағаның орынбасары Серік Жарасбаев. Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Мыржықбаевтың айтуынша,   осы кезге дейін Астанада стритболдан әлем чемпионаты өткізілген жоқ. Елордада Азия ойындары, олимпиялық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өткізіліп келеді. Бірақ, стритбол сияқты көше спортынан үлкен жарыстар өткізілмеді. 2014 жылы Астанада стрит воркауттан әлем чемпионаты өтті. Сондықтан стритболдан әлемдік доданың өтуі қаланың беделіне бедел қосады. Биылғы бәсекеге ерлер құрамасы екінші рет қатысқалы отыр. Ал қыздар командасы жарыста алғаш рет бақ сынасады. Әлемс чемпионаты кезінде спорттық және музыкалық шаралар ұйымдастырылады. Кәсіпқой спортшылар балалар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының директоры Самсон Аракелянның айтуынша, шетелдік қонақтарды қазақ халқының ұлттық дәстүрімен, мәдениетімен және асханасымен таныстыратын жеке бағдарлама әзірленген. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e