АТЫРАУ. 23 мамыр. Бүгін Атырау облысының Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Махамбет ауданының әкімі лауазымына Әлимұхаммед Құттымұратұлы тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Ол 1983 жылы туған. Білімі жоғары: 2007 жылы К.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін, 2012 жылы Қазақстан-Ресей Халықаралық университетін бітірген. Экономист, юриспруденция бакалавры мамандықтарын меңгерген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Ара-А» серіктестігінде бастаған. 2008-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы, әкім аппаратының экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша бас маманы болып істеген. Бұдан кейінгі 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі, 2012 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін – Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
Ал 2012-2013 жылдары – Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2013 жылдан осы кезге дейін Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.