• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

1155 рет
көрсетілді

Ол қалай орындалуда? Қазақстан Республика­сының 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл) 1-бөліміне қатысты Қаржы ми­нистрлігі 14 тармағын (20%) орындаушы болып табылады. 2016 жылдың аяғына дейін 3 іс-шараның 2-еуін іске асыру жоспарланып отыр. Олар мем­­­­лекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен байланысын шектеу мақсатында салық­тық және кедендік әкімшілен­діру үде­­­рістерін автоматтандыру жә­­не мемлекеттік сатып алу шең­берінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ба­ға­ларының шашырап кетуін болдырмайтын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алулары туралы деректер негізінде «Элек­тронды мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің бағалар мо­дулін пысықтау. Сонымен қатар, 2016 жыл­ғы 4 тоқ­­санда іске асыру жос­парланған, жеке тұлғалардың кіріс­тері мен мүліктерін кезең-ке­зеңмен декларациялауды, оның ішін­де мемлекеттік функцияларды орын­дау­ға уәкілетті және соларға теңестірілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып отырған тұл­ғалардың, сондай-ақ, олардың жұ­­бай­ларының жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, бағалы қағаз­дар, қатысу үлестерін сатып алуға арналған шығыс көз­дерін дек­­лара­циялауды енгізу мә­селесін пысықтау жөніндегі іс-ша­ра 2015 жы­лы мерзімінен бұрын орындал­ды. 2015 жылғы 18 қарашада ха­лықты жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша заңға қол қойылды, оған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың әкімші персоналы, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің қалған барлық тұрғындары декларация тапсыруға тиіс болады. Декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылады, онда меншік құқығындағы мүлікті, оның ішінде пәтерлер, машиналар, банктердегі салымдарды және т.б. көрсету қажет. Кейіннен халық ал­ған кірістері, сатып алған мүлкі туралы жыл сайын декларация тапсыратын болады. Жыл бойында жалақы, зейнет­ақы, стипендия алған және басқа кіріс алмаған немесе жылжымай­тын мүлік сатпаған тұлғалар қандай да бір цифр көрсетпестен, бір парақтық қысқаша декларация ұсынатын болады. Егер адамда кіріс ауқымы бұдан кең болса, онда ол толық декларация тапсырады. Бұдан басқа, 2017 жылғы 1 қаң­тардан бастап қосымша салықтық шегерімдер енгізіледі. Мәселен, 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға қосымша салықтық шегерімдер беріледі. Сондай-ақ, кез келген жеке тұл­ға көрсетілетін медициналық қыз­меттерге арналған шығыстары бойынша салықтық шегерімдерді пайдалана алады. Бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес 2015 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган ретінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды жаңа редакцияда әзірледі, онда кәсіпорындардың проблемаларын шешуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге екпін жасалған, оның қабылдануы Үкімет пен Пар­ла­менттің дағдарысқа қарсы шара­­ларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі әзірлеген «Мемлекеттік аудит жә­не қаржылық бақылау туралы» заңның нормалары алдын алу шараларының бірі болып табылады, оның мақсаты қолданыстағы қаржылық бақылау жүйесінің құ­қық қолдану тәжірибесін ес­кере отырып, мемлекеттік аудит­тің кешенді жүйесін жасау. Мем­лекеттік аудит туралы заңға сәй­­кес жұмыстағы басты назар енді са­раптамалық-талдамалық қызметке қарай аударылатын болады. Алдын алу элементі ретінде ақпараттық жүйелердің функ­циялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып камералдық бақылау ен­гізілуде. Бұдан басқа, салық төлеу­ші­лердің қызметін тексерушілерді араластырмай фискальдық әкімші­лендіруді жақсартуға бағытталған Салық және Кеден кодекстеріне түзетулер енгізілген. Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақ­ты қадам» шеңберінде бірқатар құқықтық, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған актілер әзірленді. Жос­пар шеңберінде заңның 5 жобасы, заң жобаларына 5 тұжырымдама жо­балары әзірленді. Бұдан басқа 2 бірлескен бұйрыққа қол қойылды және заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі әзірленді. Талдау нәтижелері бойынша Қазақстанда көлеңкелі эко­но­­миканың болжамды мөлшері шамамен 1999 жылғы 42,5%-дан 2013 жылы 34,3%-ға дейін төмендеді. 2013 жылы Ұлттық экономика министрлігінің есептері бойынша, жалпы ішкі өнімде қадағаланбайтын экономиканың үлесі 2012 жылы 19,2%-дан 2013 жылы 27,4%-ға дейін ұлғайды, оның ішінде ішкі жалпы өнімде заңсыз қызмет үлесі 2,3%-ды құрайды. 2014 жылы ішкі жалпы өнімде қадағаланбайтын экономиканың үлесі – 27,3%, ол 2013 жылмен са­лыс­­тырғанда 0,1%-ға төмен. Салық міндеттемелерін орындаудан жалтару схемаларын болдырмау мақсатында Қазақстан Рес­публикасының салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заңнамалық актілері өзгертілді және толықтырылды. Өткізілген «Чек талап етіп жүл­де ұтып ал» акциясы жақсы нәтиже берді. 2 млн. адам қатысқан кезде, қосымша 9 мың жеке тұлға ЖК ретінде тіркелді және 8 мыңнан ас­­­­­там кассалық машина есепке қойылды. Бизнес жүргізу кезінде адал­дықты ынталандыру мақса­тында уәкілетті экономикалық операторлар институты жетілдірілді. Тауарлардың импорты кезінде әкімшілендірудің жаңа схемасы енгізілді, тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілді. Сыртқы эко­­­номикалық қызмет кезінде көлеңкелі экономиканы төмендету мақсатында бірқатар мәселелер пысықталуда. Мәселен, электронды декларациялауды енгізу бо­йынша жұмыстар жүргізілуде. Импортталатын акцизделетін өнім­дерге (алкоголь, ЖЖМ, сигареттер) электронды ілеспе жүк­құжаттар енгізу қарастырылуда. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, бір мезгілде тауар-көлік жүк-құжатының қағаз нысанын алып тастай отырып, барлық тауарларды импорттау және оларды республика аумағы бойынша алып жүру кезінде тауарларға электронды ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ) енгізу жоспарланып отыр. Қолма-қол емес есеп айырысуларды ынталандыру үшін екінші деңгейдегі банктер РОS-терминалдар арқылы жүргізетін операцияларға қызмет көрсету комиссиясын төмендету үшін жұмыс жүргізеді. Қазіргі кезде РОS-терминалдар арқылы жүргізетін операциялардың көлеміне қа­рай жеке тарифтер көзделген. Клиент­тер төлем карточкалары ар­қылы қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыруы үшін оларды тарту бойынша ірі банктер әртүрлі бағдарламаларды қолдануда. Мемлекеттік сатып алуды оңай­лату үшін және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін «Мемлекеттік сатып алу ту­ралы» жаңа заң қабылданды. Онда өнім берушілерді алдын ала білікті іріктеу тетігі қолданыла отырып, жаңа сатып алу тәсілі енгізілді, оларды жүргізудің кезең­дері қысқартылды, тапсырыс берушілерге бюджет бекітілгенге дейін сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігі берілді, техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау институты енгізілді, бір көзден сатып алу негіздері қысқартылды және конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар күшейтілді. «Электронды мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің ап­параттық-бағдарламалық кеше­нін жетілдіру арқылы техникалық ақауларды жою бөлігінде мем­лекеттік сатып алу веб-порталының функциясын арттыру жұмыстары жүргізілді. Негізгі міндеті сараптамалық-талдамалық қызмет негізінде бұ­зу­шылықтарды ескерту болып табылатын мемлекеттік аудит енгізілді. 2015 жылы алдын алу шараларын қабылдау үшін бюджет қаражатының игерілуін көлденең бақылау алғаш рет бас­талды. Соның арқасында 2,7 млрд. теңгені негізсіз пайдаланудың алды алынды және 380 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, бұл 2014 жыл­мен салыстырғанда 11 %-ға көп. Бизнес ортаны жақсарту және биржалық сауда саласындағы заңсыз мәмілелердің санын азайту үшін сауда қызметін реттеу мә­­се­лелері бойынша заңнамалық актілер өзгертілді және толық­тырылды. Атап айтқанда, электронды биржалық сауда-саттыққа толық көшу бойынша нормалар енгізілді, тауар биржалары бойынша заңнама нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізілді. Экономика салаларында кө­леңкелі өндірісті азай­ту мақ­са­тында сауда және көлік салаларында, ауыл шаруашылығында, жылжымай­тын мүлікпен операция­ларда және өнеркәсіпте бірқатар іс-шаралар іске асырылды. Одан басқа, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді, онда қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу аясында мемлекеттік қолдау ша­ралары көзделген. Өркениетті сауда үшін жағ­дай жасау мақсатында сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Заңда сауда базарларының қазіргі заманғы форматқа кезең-кезеңмен көшуі көзделген, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға сауда сая­­са­тының іске асырылуын қам­тамасыз ету функциясы берілді, Ин­тернет арқылы электронды сау­даны жүзеге асыру тәртібі регламенттелді. Электронды билеттеуді дамыту бойынша жұмыстар сәтті аяқталды. 2015 жылы «Жолсеріктің мобильді терминалы» бағдарламалық-аппа­раттық кешені енгізілген, яғни барлық жолаушылар пойызы, оның ішінде жеке тасымалдаушылардың жолаушылар пойызы мобильді терминалдармен жарақтандырылған. Сондай-ақ, Интернет және өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы жол жүру құжатын (би­­летті) сатып алу мүмкіндігі туғы­зылды. Бірлескен бұйрықпен мемлекет­тік кірістер органдарының қыз­меткерлері мен учаскелік полиция­лардың тұрғын үйлерін (жайларын) жалға беретін және мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есе­біне тұрмай және тиісінше жеке табыс салығы сомасын төлемей мүліктік табыс алатын жеке тұлға­ларды анықтау жұмыстары регламенттелген. 2015 жылдың тек соңғы 3 айында тұрғын үйлерін жалға беретін 10 718 жеке тұлға анықталды, қосымша 5 130 тұлға есепке қойылды, 112,3 млн. теңге төленді. Алкоголь, мұнай өнімдерін өндіру мен айналымын дұрыс есепке алу мақсатында уәкілетті органға деректер операторы ар­қылы деректерді есепке алудың бақы­лау аспаптары арқылы өн­дірушілер бөлісінде он-лайн режі­мінде өндіріс көлемдері туралы дерек­терді беру қамтамасыз етілді. 2015 жылы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция ратификацияланды (2015 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енді), оның шеңберінде Страсбург Кон­венциясына қосылған 94 шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен ақпарат алмасу жүзеге асы­рылатын болады. Бұл жалпыға бірдей декларациялауға дайындық элементтерінің бірі болып табылады. Мереке ТАҢАТАРОВ