• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Қарағандылық ескек есушілер ел кубогында жеңіске жетті (фото)

348 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 24 мамыр. Теміртау қаласындағы Самарқан су қоймасында академиялық ескек есуден өткен Қазақстан кубогы сыны қарағандылық спортшылардың жеңісімен аяқталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысқа Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының 78 спортшысы қатысты. Қарағанды облысының ескек есушілері жалпыкомандалық сайыста бірінші орынды жеңіп алды. Құрамында 44 спортшы өнер көрсеткен Қарағанды облысы командасының еншісіне 10 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль бұйырды. Айта кетейік, осы кубок сынына қатысқан қарағандылық ескек есушілер Светлана Германович пен Виталий Васильев бұдан бұрын Рио-2016 Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алған болатын. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.