• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Қостанайда Америка азаматына айыппұл салынды

369 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 24 мамыр. Қостанайда еліміздің көші-қон туралы заң нормаларын бұзғаны үшін Калифорния штатынан келген 25 жастағы Гилберт Васкес деген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанайдың арнайы мамандандырылған соты Американың азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекті бұзғаны үшін 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Шетелдік Қостанай қаласында тіркелген мекен жайында тұрмаған, басқа пәтер жалдаған. Сонымен қатар, ол біздің елге келу мақсатын визада «оқу» деп көрсеткенімен, рұқсатсыз Step курсында ағылшын тілінен сабақ берген. Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев: «Егер еліміздің заңына сәйкес рұқсат қағазы болса, америкалық азаматтың тіл үйрету курсында сабақ беруіне, жалпы жұмыс істеуіне ешкім кедергі болмайды. Сонымен қатар, ол қалаға келгенде Қазақстанның заңдарын толық орындауы тиіс», – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі. Фото: vk.com.