• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Миткова джазмен Лундстрем туралы фильм түсіреді

410 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 мамыр. Белгілі тележурналист НТВ телеарнасына кеңес джаз музыканты Олег Лундстрем туралы фильмімен оралады. Бұл туралы Interfax.Ru ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «21 мамырда Қазанда «Олег Лундстрем. Мәдени код» деректі фильмін түсіру басталды. Биылғы жылы Ресей аты аңызға айналған джазменнің туғанына 100 жыл толуын атап өтеді. Әлемдегі гастрольге ең көп шыққан джаз-бэндтің өмірі туралы белгілі журналист, НТВ-ның бет-бейнесі Татьяна Миткова әңгімелеп береді», - делінген хабарламада. «Азат емес елдегі азат джаз туралы картина» деп аталатын лента «НТВ-видение» цикліне кіреді. Фильмде 1950-1980 жылдар архивіндегі жазбалап, сондай-ақ Лундстремнің қазіргі интерпретациядағы композициялары пайдаланылған. «Джаз мойындалмаған мемлекетте Лундстремнің оркестрі қандай жолмен осыншалықты табысқа жете алды? Өз істеріне деген сүйіспеншілік үшін музыканттардың қандай қиындықтарды бастан кешулеріне тура келді? Осы сұрақтарға жауап табу үшін Татьяна Миткова Еуропадан Қытайға дейінгі әлем елдерін аралап шығады», - делінген баспасөз парақшасында. Миткова – белгілі кеңес және орыс журналисі, тележургізуші, ол 11 жыл бойы НТВ-да «Сегодня» жаңалықтар бағдарламасының кешкі сеансын жүргізіп келді. Миткова 2001 жылдан телеарнаның ақпарат қызметі басқарды. Мұның алдындағы кезеңде, 2011-2014 жылдары «Сегодня. Итоги» кешкі бағдарламасын шығарды. Татьяна Ростиславовна Миткова 1957 жылғы 13 қыркүйекте Мәскеуде туған. 1982 жылы Ломоносов атындағы МГУ-ді бітірген. Митковтар дворян әулетінен. Әкесі – кадрлық әскери қызметкер, анасы – үй шаруасындағы әйел. Т. Миткова ерге шыққан. Күйеуі – В. Соловьев – халықаралық журналист. Дмитрий атты ұлы бар. Талғат Райымбек. Дерек: Интерфакс.