Құрметті отандастар!
Жетекші саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, ардагерлер мен аграрлық сала мамандарының, ірі кәсіпорындардың, кәсіподақтардың, еңбек ұжымдары мен жастар қозғалыстарының басын қосқан, барлық әлеуметтік топтардың, барлық өңірдің мүддесін көздеген Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы еліміздің азаматтарына үндеу жолдайды.
- «Қазақстан-2050» Даму Стратегиясында Мемлекет басшысы белгілеген республиканы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағдарын, сондай-ақ, Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын және аса ауқымды «Нұрлы Жол» бағдарламасын толығымен қолдай отырып;
- Мемлекет басшысының Жер кодексінің жекелеген нормаларына мораторий енгізу туралы шешімін қолдай отырып;
- әлемдік қоғамдастықтың беделді әрі жауапты өкілі ретінде Қазақстан бетпе-бет келіп отырған жаңа жаһандық саяси-экономикалық ахуал мен уақыттың сынақтарын ескере отырып;
- Қазақстанның астанасында өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Астана экономикалық форумының күн тәртібіндегі басымдықтарды қуаттай келе;
- Мемлекет басшысының ядролық қарусыз болашақ құру, жаһандық, оның ішінде ЕАЭО шеңберіндегі қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция жүйесін күшейтуге бағытталған сыртқы саясатының басты бағыттарының айрықша маңыздылығын сезініп;
- тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің іргетасы саналатын әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, Қазақстанның көпұлтты халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін қамтамасыз етуді аса маңызды қажеттілік ретінде қабылдап;
- Президенттің тапсырмасымен құрылған Жер реформасы бойынша комиссия жұмысының алғашқы нәтижелерін жоғары бағалай келе;
Біз – республикадағы азаматтық қоғам өкілдері қазақстандықтарды Жер реформасы бойынша комиссияның және Аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмысына белсене атсалысуға шақырамыз.
Біз үшін және барша азаматтар үшін жер тек материалдық игілік қана емес, Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, жұдырықтай жұмылдырған Тәуелсіздік ұғымымен бірдей аса қастерлі құндылық.
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамытудың маңызды тетігі ретінде Жер реформасы қажет деп санайды.
Мемлекет басшысының Жер мәселесіне қатысты қорытынды шешімді қабылдаудағы салмақты ұстанымын есепке ала отырып, туған жерінің болашағы үшін алаңдайтын қазақстандықтар осы мәселе жөніндегі ашық әрі сындарлы сұхбатқа үн қосуы қажет деп санаймыз.
Қуатты, біртұтас, гүлденген әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, біздің басты міндетіміз – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау болуға тиіс.
Елбасы үндеуін қолдай отырып, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Жер реформасын жетілдіруге бар күшін салады.
Біз әрбір азаматтың осы мәселеге қатысты пікірі ескеріліп, жан-жақты қаралатынына кепілдік береміз.
Қазақстандықтардың аталған мәселеге қатысты Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясына жолдаған барлық ұсыныстары мен тілектері жан-жақты зерделеніп, Жер реформасы жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.
«Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL-ды дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Агрофирма Родина» ЖШС бас директоры И.А. Сауэр, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтынсарино» ЖШС директоры Б.П.Князев, «ҚазАгроИнновация» АҚ Мақта шаруашылығы «ҚазҒЗИ» ЖШС бас директоры И.И.Үмбетаев, «Сері-Еркін» ЖШС бас директоры С.Тұрғанбаев, «Тиянақ – Трейд» ЖШС жетекшісі А.О. Айтбаев, «Тобықты и К» ЖШС директоры Г.А. Росельбай, «Әсем Алма» шаруа қожалығының басшысы
М.А.Әубәкіров, «Каспий Балық» ӨК атқарушы директоры Ж.У.Шақыпов, «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директоры Р.К.Ахмадиев, «Нұрдәулет» шаруа қожалығының басқарушы директоры Б.Б.Нұғманов, «Раисовское» ЖШС директоры В.М.Коваленко, «Үркер» шаруа қожалығының басшысы Б.Ә. Исабеков, «Айхан» шаруа қожалығының басшысы
А.Қ.Құдабаев, «Кугабаев» шаруа қожалығының басшысы Т.С.Шайхин, «Галицкое» ЖШС директоры А.А.Касицин, «Опытное хозяйство «Иртышское» ЖШС директоры И.К.Нұрселинов, «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС директоры А.Қ.Қосуақов, «Белес» компаниялар тобының бас директоры М.О. Жәкібаев, «Алабота» ЖШС директорының орынбасары М.С.Жұтаев, «Ақжайлау» шаруа қожалығының басшысы А.А.Садықов.
2016 жылғы 24 мамыр,
Астана қаласы