• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Құттықтау жеделхатын жолдады

226 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Федералдық Президенті лауа­зы­мы­на сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп ха­б­ар­­­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев А.Ван дер Белленге Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтау жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Австрия арасындағы дост­ық­қа негіз­делген өзара тиімді ынты­мақ­тастық екі ел халқының игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев А.Ван дер Белленге мықты денсаулық, жауапты қызметіне табыс, сондай-ақ, достас Австрия халқына бақ-береке тіледі.