• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Перспективалы бағыттар қарастырылған қабылдау

275 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары қарастырылды. Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын Қазақстан мен Қытай серіктестігінің жетек­ші саласы ретінде атай оты­рып, еліміз «СИТИК Групп» кор­по­рациясымен біраз уақыттан бері табысты ынтымақтасып келе жат­қанын айтты. В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыз­дың құрылыс және мұнай-газ сала­сының одан әрі дамуына ық­пал ететін түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баян­дады. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ