• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Айтқыштар Ақтөбеде бас қосты

517 рет
көрсетілді

Ақтөбеде Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай «Айтқыш­тар А­қтөбеде» VII республикалық әзіл-сықақ театрларының фес­тива­лі өтті. Фестивальға әзіл-сықақ жанрын насихаттап жүр­ген 14 театр мен 3 жеке орын­дау­шы қатысты. Фестивальді ұйым­дастыруға облыс әкімінің, соны­мен қатар, облыстық мәде­ниет, мұр­а­ғаттар және құжаттама бас­қар­масының қолдауымен Т.Ах­танов атындағы Ақтөбе облыс­тық драма театры мұрындық болды. Өнер додасының алдында «Екі езу» сатира театрының арнайы ұйымдастырған көлең­келі қойылымы және өнер ма­гис­трі Елтай Кемалдың ре­жис­­сер­лығымен кешегі қазақы қал­жың­ның көсегесін көгерткен «Тама­ша­ның» тарлан­дарын еске алу мақса­тын­да театрландырылған хорео­графиялық көрініс ұсынылды. Фестивальға халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Ара» газетінің бас редакторы Көпен Әмірбек, облыстық мәде­ниет, мұрағаттар және құжаттама бас­қар­масының басшысы Қанат Айт­баев, Т.Ахтанов атындағы об­лыс­­т­ық драма театрының дирек­­торы, «Екі езу» театрының негі­зін қалаушы Нұрлыбек Жұбат­қан, сатирик жазушы Төрежан Мән­ді­­бай, Т.Ахтанов атын­дағы об­лыс­тық драма театрының режис­сері Мағзұм Бақытжанов, сатирик Мұхтар Шерім, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Ардақ Қонақбаева қазылық етті. Бас жүлдені «Менің күйеуім қызғаншақ» комедиясын қойған Атырау қаласының «Ара-Аты­рау» әзіл-сықақ театры мен «Дәрігерлер әлемі» және «Психолог» интермедияларын қазылар талқысына ұсынған Алматы қаласының «Керемет» әзіл-сы­қақ театры қанжығаларына бай­лап, әрқайсысы 150 мың теңге ақша­лай сыйлыққа ие болды. Екі бірінші орынды Тараз қаласының «Талас таланттары» әзіл-сықақ және Оңтүстік Қазақ­стан әзіл-сықақ және сатира театрлары иеленіп, әрқайсысы 100 мың теңге ақшалай сыйлық­пен марапатталды. Фестиваль­ға қатысқан әзіл-сықақ театр­лары­ның қай-қайсы да сый-сияпаттан құр қалған жоқ. Бұл көрерменнің есінде қазақы қалжың мен әдемі әзілдің ажарын ашқан шара ретінде сақталары сөзсіз. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы