• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Петропавлда «Менің сүйікті қалам» марафоны басталды

481 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 24 мамыр. Облыс орталығында « Менің сүйікті қалам» экологиялық марафоны басталды. Оның шарты бойынша қоқысты ең көп жинаған адамға сыйға велосипед тапсырылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұндай шара облыстық қонақ үйлер және ресторандар қауымдастығының ұйымдастыруымен бірінші рет өткізіліп отыр. Оған қатысушылар қаланың демалыс орындарын тазартуға белсене атсалыспақ. Ең көп қоқыс жинағандарды бағалы сыйлықтар күтіп тұр. «Менің сүйікті қалам» экологиялық марафоны Пестрое көлі маңынан бастау алды. Облыс орталығын қоқыстан тазарту акциясы үш кезеңді қамтиды. Алдағы сенбі күндері Мещан орманы мен Жеңіс саябағы және Есіл өзенінің жағалауы жинастырылады. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Фото: bnews.kz.