• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Қытайда ерекше автобустың таныстырылымы өтті (видео)

416 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 мамыр. Қытай астанасы Бейжіңде High-Tech Expo халықаралық көрмесінде жергілікті инженер мамандары ойлап тапқан ерекше TEB (Transit Elevated Bus) автобусының таныстырылымы өтті. Бұл туралы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. TEB автобусы порталды кранға ұқсастырылған. Ол арнайы қойылған рельс жолдарымен қозғалады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктің ерекше тұсы, көлік кептелісінде тұрып қалмай, автомобильдердің үстінен өтуге қауқарлы. Жобаның басты инженері Баи Цуминнің айтуынша, TEB автобусының қызметі жағынан метро мен монорельстерден кем түспейді және арзандау болады. Автобустың ені – 8 метр, биіктігі – 4,6 метр, ал ұзындығы – 32 метрді құрайды. Мұндай автобустың астынан автомобильге арналған екі жол өтуге болады. Әзірге бұл жобаның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Алайда, осы жылдың екінші жартысында Хэбэй провинциясында сынақтан өткізілу жоспарлануда. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: rosbalt.ru.