• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Алматы облысында «Алтын белгіге» 364 үміткер бар

390 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 мамыр. Талдықорғанда Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы айтып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015-2016 оқу жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 737 мектеп, мектепке дейінгі 826 білім беру ұйымы, 70 колледж қызмет істеді. 2016 жылы білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін бюджеттен 773,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде білім мекемелеріне компьютерлік техниканы сатып алуға – 313,6 млн теңге, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 160,3 млн. теңге, білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүргізуге – 74,3 млн. теңге бөлінді. 50 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын сыртқа шығаруға 225,0 млн. теңге қаражат қарастырылған. Биыл 47 (ЖБ-17, ҰҚ-30) білім беру нысанының құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оған Ұлттық қордан және жергілікті бюджет есебінен 32 млрд. 807 млн. 216 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биылғы жылы 37 білім беру мекемесіне 7 млрд. теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Талдықорған қаласындағы №10 және Панфилов ауданы Х.Хамраев атындағы орта мектептерде бастауыш білім беру стандарты және оқу бағдарламасының апробациясы 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда өткізілуде. Биылғы ҰБТ 1 – 7 маусым аралығында өтеді. 15 ҰБТӨП тестілеу өткізуге дайын, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Облыс бойынша 2015-2016 оқу жылындағы түлектер саны – 13322. «Алтын белгі» белгісінен үміткерлер - 364, үздік аттестатқа – 83. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e