• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың ескерткіші ашылады

293 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 мамыр. Мәскеуде қырғыз халқының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың ескерткіші ашылады. Бұл туралы «КирТАГ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі хабарлауынша, мүсінші Сейталиев пен Мәскеу қалалық мәдениет басқармасының бөлім басшысы кездесіп, Шыңғыс Айтматовтың ескерткішін Данилов ауданында орнату жөнінде келісімге келген. Осының нәтижесінде жасушының мүсіні Мәскеу маңындағы Павлов пен Подольский тас жолына қойылмақшы. Қос тапатың кездесуінде сондай-ақ, ескерткіштің жасалуы мен орналасу жүйесі нақтыланды. Өз кезегінде Мәскеудің мәдениет басшысы аталған шаруаны барынша жылдам бітіруге уәде берді. Ал қырғыз тарапы жергілікті биліктің шешімімен шаруаның орындалғанын күтетін болады. Талғат Райымбек. Дерек: «КирТАГ» ақпарат агенттігі Фото: wordpress.com.