• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2011

Ұялы байланыс қызметін көрсету туралы жалпыға ортақ шарт

936 рет
көрсетілді

Осы жалпыға ортақ шарт (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі «Оператор» деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 24.08.1998 ж. берген МТК № ДС 0000317 «Қазақстан Респуб­ликасының аумағында GSM стандартының ұялы байланысының қызметін ұсыну жө­ніндегі кәсіпкерлік қызметімен айналысуға арналған» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Лицензиясы (бұдан әрі – «Лицензия») негізінде іс-әрекет жасайтын «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұ­дан әрі «Абонент» деп аталатын онда айқындалған талаптарға сәйкес осы Шартқа қосылған тұлғаға ұялы байланыс қызметін ұсыну талаптарын айқындайды. 1. Шарт мәні 1.1. Осы Шарт бойынша Оператор Абонентке таңдалған Тарифтік жоспарға сәйкес ұялы байланыс қызметін (бұдан әрі – «Қыз­меттер») көрсетеді, ал Абонент осы Шартпен көзделген тәртіппен Оператор көрсететін қызметтерді төлейді. 1.2. Оператор Абонентке Абоненттік нөмірді және сәйкестендіру картасының нө­мірін (SIM-картасын) бөледі. 1.3. Оператор Абонентке мынадай негізгі Қызметтерді көрсетеді: – шұғыл шақыруларды қоса алғанда, дауыс байланысының қызметі; – қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу қызметтері. 1.4. Ұялы байланыс желісінің мүмкін­діктеріне қарай Оператор анықтаған тізімдегі көрсетілетін қосымша қызметтер Абоненттің өтініші бойынша ұсынылады. 1.5. Келісім-шарт бойынша Оператордың Абонент таңдаған Тариф жоспары, қосымша көрсетілетін қызметтер тізімі, сонымен қатар науқандар туралы акциялар Оператордың сайтында, Оператордың және/немесе үшінші тұлғалардың кеңселерінде жазылады және/немесе қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы және/немесе Оператордың Қыз­меттері туралы жарнамалық материал­да­рын­да және/немесе Оператордың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінде жарияланады. Осыған орай Абонент Оператордың қосымша қызметтеріне тапсырыс бере отырып, сол қызметтердің көрсетілу шарттарымен, тарифтелуі, төлем жолдарын және оны алуға өз келісімін береді. Оператор Қызметтерінің тізімі осымен тоқтап қалмайды және оны Оператор то­лықтырып отыруы мүмкін. 2. Жалпы ережелер 2.1.    Осы Шарттың мақсаты үшін мынадай негізгі түсініктемелер қолданылады: Абонент – осы мақсат үшін Абоненттік нөмірді және (немесе) сәйкестендіру кодын бөле отырып, осы Шарт онымен жасалған жеке немесе заңды тұлға. Абоненттік нөмір – осы Шартты жасау кезінде Абонентке бөлінетін және онымен басқа абоненттік құрылғыларды қосу кезінде Абоненттік құрылғыны Оператор желісіне қосуды сәйкестендіруші телефон нөмірі. Абоненттік құрылғы – Абонент тапсыр­ған ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы дабылдарын қалыптас­ты­ратын немесе Оператор желісіне қосылатын жеке пайдалану байланысы құралы. Сымсыз модем (USB-модем) – бұл ақ­па­раттарды жіберіп/қабылдау үшін Ғаламторға қосылуға Оператор желісін пайдаланатын жіберіп-хабарлаушы. Ұялы байланыстың желісін қолдану үшін модемге SIM-карта салынады. Тарифтендіру бірлігі – Абонент таң­да­ған Тарифтік жоспарға сәйкес Оператор көр­се­тетін Қызметтердің тиісті түрі үшін төлем алынатын ақпараттың уақытын, санын немесе көлемін өлшеу бірлігі. Оператордың қызмет көрсету аймағы – Оператор Лицензияға және өз желісінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес Қызмет­тер көрсететін аумақ. Сәйкестендіру (идентификациялық) ко­ды – өндіруші-зауыт иемденген абоненттік құрылғы немесе абоненттік станция бай­ланыс операторы желісіне қосылғанда жіберілетін код. Экспресс төлем картасы – Оператор желісінде Абоненттің қолжетімділігінің жа­сы­рын жеке коды бар, Абонентке Оператор қыз­мет­терін көрсете алатын қаражат мөлшері көр­сетілген, сонымен қатар белсендіру тәрті­бімен Оператор өндірген картон немесе плас­тикалық карта. Жеке кабинет – Компания сайтындағы Абоненттің жеке бөлімі, оған тіркелгеннен кейін, Абонент жеке мәліметтері туралы, байланыс қызметтерінің шоттарын (төлем­дер, шот жағдайы, шот бойынша егжей-тегжейлі ақпарат), тариф жоспарлары мен қо­сымша қызметтер туралы ақпарат алады. Тариф жоспары мен есептесу жүйесінің шарт­тарына сәйкес жеке есептік жазбаларын, желі қызметтерін, абоненттік қызмет көрсетуді (қосымша қызметтерді қосу/ажырату, теңге­рімді толтыру, тариф жоспарын ауыстыру және басқалар) басқаруды жүзеге асырады. Дербес шот – Абоненттің Оператор қыз­меттерін төлеуге енгізілген ақшалай қаража­тының түсуі мен жұмсалуын, сондай-ақ Оператор Қызметтерінің көрсетілген көлемінің есебін жүргізуге арналған Оператордың ана­литикалық есеп құжаты (Оператордың авто­маттандырылған есеп айырысу жүйесіндегі электрондық файл). Абоненттің ұялы байланыс қызметтерін қолдануы және төлемдердің түсуі бойынша жасалған амалдардың есебін жүргізуге арналған Оператордың аналитикалық есеп (Оператордың автоматтандырылған есеп айырысу жүйесіндегі электрондық файлы) құжаты. Прайс-парақ – олардың құнын көрсете отырып, Оператор көрсететін Қызметтердің ретке келтірілген тізбесі. Есептік кезең (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) – ол мерзім ішінде Абонент осы Шарт бойынша Оператор көрсеткен Қызметтерді төлейтін Есептік кезеңнің аяқ­талуынан кейінгі отыз күнтізбелік күн. Тіркеу парағы – Абонент туралы мәлі­меттерді, Абоненттік нөмір туралы ақпаратты және осы Келісім-шартты жасасу барысында таңдалған Тарифтік жоспар туралы ақпа­рат­ты қамтитын осы Келісім-шартқа қосымша. Роуминг – Оператордың басқа ұялы бай­ланыс операторлары арасындағы роумингтік келісім негізінде басқа ұялы байланыс опе­раторы желісінде Абоненттің ұялы байланыс қызметін ұсынуы. Оператор Сайты – Оператордың Интернет (Ғаламтор) желісіндегі www.beeline.kz ме­кен-жайындағы ақпараттық ресурсы (дереккөз). Тарифтік жоспар – Оператордың абоненттерге немесе абоненттердің белгілі бір тобына не белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстарының жүйесі. Есептік кезең – Қызметтер көрсетілген және есептелінген күнтізбелік ай. Шартты сома – Абоненттің ақшалай экви­валенттігі көріністегі Қызметтерді алуға ар­налған құқықтарының көлемі. Оператор қызметтері – Оператордың абонентке көрсететін негізгі және қосымша ұялы байланыс қызметтері. SIM-карта – Абонентті сәйкестендіретін және Абоненттің Оператор қызметтеріне қол­же­тімділігін қамтамасыз ететін Абоненттік құ­рылғының бөлігі болып табылатын микро­про­цес­сорлық модульден тұратын дербес қол­жетімділік картасы. 2.2. Шарт жария болып табылады, Шарт­тың талаптары Қазақстан Республикасының қол­даныстағы заңнамасына және Лицензияға сәйкес әзірленген және Оператор дербес орна­тады. Шарттың талаптарын Абонент Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тіркеу ны­санына (Шартқа №1 Қосымша) қол қою ар­қылы тұтастай алғанда, оған қосылу жолымен қабылдауы мүмкін. 2.3. Абоненттің осы Шарт бойынша құ­қықтары мен міндеттері Қазақстан Республи­касының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта белгіленген тәртіппен басқа тұл­ғаларға берілуі мүмкін емес. Оператор Қа­зақ­стан Республикасының қолданыстағы заңна­ма­сына сәйкес басқа заңды және жеке тұлғаларды өз қызметін жүзеге асыру үшін тартуға құқылы. 2.4. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарт­ты орындау кезінде Абонент туралы қыз­меттік ақпараттың (телефон нөмірлері, сәй­кестендіру кодтары, электрондық пошта мекен-жайы, пошта мекен-жайы, жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, деректемелер (заңды тұлғалар үшін) бизнес сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік), билингтік мәліметтің және Або­нентке ұсынылатын Қызметтер туралы мә­ліметтің, деректерді беру желісіндегі Абонент­тің мекен-жайының, деректерді беру желісіндегі Интернет ресурстарға жүгіну мекен-жай­ларының, Интернет ресурстың сәйкестендіру­шілерінің, деректерді беру желісінің хатта­ма­ларының электрондық есебін жүргізеді. Абонент Тіркеу парағын толтырып, осы Шартқа отырғаннан кейін осы Шарт бойынша талап­тардың орындалуы мақсатында Оператордың оның ішінде, үшінші тұлғаларды тарта оты­рып, Абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру құқығына келісімін білдіреді және қарсы емес. Оператор өз қызметі шеңберінде оларды Абоненттің қосымша келісімін алмастан уә­кілетті органдарға және (немесе) ұйымдарға беруге құқылы. 2.5. Оператордың Қызмет көрсету айма­ғын­да Оператор ұсынатын ұялы байланыс са­па­сы Қазақстан Республикасында қолданы­ла­тын стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келеді. 2.6.    Радиотолқындардың таралуының та­би­ғи жағдайларына байланысты ұялы бай­ла­ныс қызметтерінің сапасы қолайсыз метеоро­логиялық жағдайлардың, топографиялық ке­дер­гілердің салдарларынан (жер үсті және жер асты тұрғын үй және тұрғын үй емес құ­рылыстардың, ғимараттардың, имараттардың жанында, сондай-ақ, олардың ішінде, рельеф­тің және құрылыстардың маңында), энергия көздерінің жанында, туннельдерде, жертө­ле­лерде, техникалық себептерге байланысты, сон­дай-ақ, Оператордың қызметімен байланыс­ты өзге де себептерге орай нашарлауы, үзілуі, кедергілерге ұшырауы немесе болмауы мүмкін. Аталған себептердің салдарынан байланыстың нашарлауы немесе болмауы Оператордың өз міндеттемелерін тиісті орындамау фактісі бо­лып табылмайды. 2.7. Ұялы байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне байланысты Абонентке ұсы­нылатын ұялы байланыс Оператордың құ­зыретінен тыс орналасқан басқа байланыс опе­раторлары (оның ішінде, абоненттердің) және пайдаланушылардың жабдықтарының сапа­сы­на байланысты болады. 3. Оператордың құқықтары мен міндеттері 3.1. Оператор мыналарға: 1) Шарттың қолданылу мерзімінде Абоненттік нөмірді Абонентке пайдалануға беруге және осы Шарттың талаптарына сәйкес Опе­ратордың желісіне Абоненттің Абоненттік құрылғысын қосуға; 2) Абоненттің таңдап алған Тариф жос­парына сәйкес негізгі қызметтер көрсетуге; 3) Өтініш негізінде Абонентке қосымша қызметтер көрсетуге; 4) Оператордың әрекет ету аясында Абонентке осы Шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге; 5) Абонентке тізімі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының заңнамасында айқындалған шұғыл ме­дициналық, құқық қорғау, өрт, апат, ан­ық­тама және басқа да қызметтермен тегін қо­сы­лу­лар­ды ұсынуды қамтамасыз етуге; 6) Абоненттердің қызмет көрсету орын­да­рында, Оператордың ақпараттық сайтында оны орналастыру жолымен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де осы шартта қа­рас­тырылған тәсілдермен Абоненттерге оператор және көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері туралы толық және шынайы ақпаратты ұсы­нуға; 7) Қызметтерді пайдаланудың мәселелері бойынша Абонентке тегін кеңес беруді ұйым­дастыруға; 8) Оператордың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес көрсетілетін Қызмет­тер­дің кемшіліктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға; 9) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Оператордың кінәсі бойынша байланыстың бол­мауы жағдайында Қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді жүргізуге; 10) Абонентке (жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде) Абонент алған ағым­дағы Есептік кезеңдегі Қызметтер, оларды пайдалану уақыты, олардың ұзақтығы мен құны туралы, Абоненттің Оператордың офисіне тиісті жазбаша өтінішімен Абоненттің келуі кезінде байланыстың басқа пайдалану­шы­ла­ры­мен барлық шығыс қосылыстары туралы ақ­паратты тегін ұсынуға міндетті. Өткен Есептік кезең үшін аталған ақпаратты ұсыну Абонентке мөлшері Прайс-парақта көрсетілетін төлем­ге ұсынылады; 11) егер шоттарды жеткізу қызметі Абоненттің таңдалған есеп айырысу тәртібінде көзделетін болса, осы Шартта көрсетілген мекен-жай бойынша немесе электрондық пошта бойынша Абонентке Қызметтер үшін шотты қоюға және оларды тегін жеткізуге; 12) Абонентке оларды алу сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша жүгінулерге немесе талап-арыздарға жазбаша жауапты жіберуге; 13) Абонентке көрсетілген Қызметтер үшін артық төленген ақша қаражатын қайтаруға немесе оларды Қызметтерді аванстау ретінде есептеуге; 14) тәулік бойы режімінде Абонентті ағ­ым­дағы шоттағы ақша теңгерімін тексеру мүм­кіндігін қамтамасыз етуге; 15) Абоненттің төлемді растауын Опера­тордың алуы немесе Қызметтерді төлеу жөнін­дегі берешекті жоюын растайтын құжаттарды алуы сәтінен бастап 24 сағат ішінде Қыз­меттерді көрсетуді жаңғыртуға; 16) Абоненттің Дербес шотындағы ақша­лай қаражатының мөлшеріне байланысты Абонентке көрсетілетін Қызметтер көлемін шектеуге; 17) Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеруге міндетті. 3.2. Оператор мыналарға: 1) Осы Шарттың талаптарына, сондай-ақ, жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу жолы­мен не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалардың офистерінде орналастыру жолы­мен) Абонентті бұл туралы хабарландыра оты­рып, ұялы байланыстың қызметтерін көрсету талаптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы. Осы Шарттың талаптарына өзге­рістер (толықтырулар) егер, Шартқа өзгеріс­терді (толықтыруларды) енгізу туралы Абонентті хабарландыру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша осындай өзгерістерді қабылдаудан жазбаша бас тартуды Оператор алмаған жағдайда Абонент қа­былдаған деп саналады; 2) осындай өзгерістердің күшіне енуіне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Абонентті жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалар офистерінде орналастыру жолымен) Абонентті бұл туралы хабарландыра отырып, тарифтерді өзгертуге, жаңа Тарифтік жоспар­ларды енгізуге, өзгертуге және таратуға құқы­лы. Бұл ретте, осы Шарт егер, Абонент ол бойынша оған Қызметтер көрсетілген Тарифтік жоспарды тарату туралы хабарлама сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде басқа Тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуге көшпейтін жағдайда күшін тоқтатады; 3) Абоненттен алдын ала хабарламасыз Або­ненттік құрылғының жоғалуы немесе ұрла­нуы, немесе үнемі құзырлы емес басқа тұл­ғаның қолдануы туралы ақпараттың келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республика­сы­ның қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта көзделген жағдайлардағы бір жақты тәртіппен Шарттың күшін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; 4) Абоненттің осы Шарттың талаптарын бұзуы жағдайында Абонентке жазбаша хабар­ламаны немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн­нің аяқталуы бойынша бұзушылықтарды то­лық жойғанға дейін Қызметтерді ұсынуды тоқ­тата тұруға (Қызметтерді ұсынуды жаңғырту бұзушылықтарды толық жоюдан кейін Опера­тордың тарифтері бойынша жүргізіледі); 5) Абоненттің осы Шарттың талаптарын бұзуы жағдайында, онда бірнеше Абоненттік нөмірлердің болуы кезінде басқалары бойын­ша берешекті өтеу есебіне бір Абоненттік нө­мірлер бойынша Қызметтерді төлеуге алынған ақша қаражатын есептеуге немесе Абонентті алдын ала хабарландырусыз барлық Абоненттік нөмірлер бойынша Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға; 6) қосымша Қызметтерді көрсету кезінде Оператор Абонентті жалпы қолжетімді тәсіл­мен хабарландыра (оның ішінде: қысқа мәтін­дік хабарламаларды жіберу жолымен не ақ­паратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалар офистерінде орналастыру жолымен) отырып, осындай Қызметтерді ұсыну талаптарын белгілеуге құқылы. 7) Аванстық есеп айырысу жүйесі Або­нен­тінің келісімімен несиелік тұрғыда Қызметтер көрсетіледі. Аванстық есеп айырысу тәртібінің Абоненттеріне көрсетілетін қызметтерді Оператор өзі белгілейді. Оператор несиелік тұр­ғы­да көрсеткен Қызметтер құнын Абонент өзінің дербес шотын толтыру арқылы төлейді және Оператордың көрсетілген қызметтерінің құнын Абонент қызметке қосылғанда дербес шот есебінен шығаруға келісімін береді. 8) Абоненттің көрсетілген Қызметтер үшін берешектері болған жағдайда Абонент Шарт­тың талаптары мен Қазақстан Республика­сы­ның қолданыстағы заңнамасына қайшы келмей­тін берешекті өндіруге қажетті Шарт ая­сында алынған ақпараттарды үшінші тұлғалар­ға жеткізуге қарсылығын білдірмей, өз келісімін береді, Оператор берешекті өндіру үшін үшінші тұлғаларды жұмылдыруға құқылы. 11) Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында көзделген өзге де құ­қықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Абоненттің құқықтары мен міндеттері 4.1. Абонент мыналарға міндетті: 1) оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және белгілі бір аумақта (әуежай, ұшақ және басқалары) қолданылатын ерекше өкім­дер мен ережелерді, сондай-ақ, мүмкін бола­тын кедергілердің туындауы жағдайындағы немесе қауіпті жағдайдағы шектеулерді (меди­ци­налық мекемелер, техникалық қызмет көрсету станциялары, отынды сақтау және тиеп-түсіру аумақтары, жарылыс жұмыстарын жүргізу ор­ындары және басқалары) ескере отырып, Қа­зақстан Республикасының аумағындағы қолда­ныс­тағы стандарттарға жауап беретін сәйкестік сертификаты бар тиісті сападағы Абоненттік құрылғыны пайдалануға; 2) Абонент қызмет көрсету шарттарымен мұқият танысып, Операторға дұрыс толты­рылған, қол қойылған Тіркеу парағын Опе­раторға тапсыруға; 3) Шарттың талаптарына, таңдалған есеп айырысуларға және Тарифтік жоспарға сәйкес Қызметтерді уақытылы төлеуге; 4) Операторға осы Шарттың 2.4-тармағына сәйкес Абонент туралы мәліметтерге жат­қы­зылған шынайы деректерді ұсынуға міндетті. Аталған деректердің өзгеруі жағдайында осын­дай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) күн­тізбелік күн ішінде бұл туралы Операторды жазбаша хабарландыруға; 5) жеке және сәйкестендіру кодтарын құ­пияда сақтауға міндетті. Жеке және/немесе сәйкестендіру кодын жоғалту немесе оларға үшінші тұлғалардың қолжетімділігі туралы ақпараттың болуы жағдайында бұл туралы Операторға жедел жазбаша немесе ауызша нысанда (ауызша нысанда хабарлаған сәттен 12 сағаттан кеш емес мерзімде жазбаша нысанда) хабарлауға; 6) Абоненттік нөмірді үшінші тұлғаға беру кезінде бұл туралы Операторға жедел хабар­лауға және Шартты жаңа Абонентке қайта ресімдеуге міндетті. Осы тармақта белгіленген тәртіпті бұзумен байланысты үшінші тұлға­лардың Абоненттік нөмірді пайдалануы Абонентті Шарттың талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды; 7) Абоненттік құрылғыны, Абоненттің сәйкестендіру картасын, USB –модемді және Қызметтерге байланысты басқа да құрыл­ғы­ларды кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қо­са алғанда, үшінші тұлғалардың пайдалану­ла­ры мен қолжетімділігін қатаң өзі бақылауға; 8) SIM-картаның зақымдануы, жоғалуы, ұрлануы жағдайында бұл туралы Операторға Оператор қызметтерін тоқтату өтінішімен жазбаша немесе ауызша нысанда (ауызша нысанда хабарлаған сәттен 12 сағаттан кеш емес мерзімде жазбаша нысанда) хабарлауға; 9) Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеруге міндетті. 4.2. Абонент мыналарға: 1) Оператордың ұялы байланыс желісін Қа­зақстан Республикасының қолданыстағы заң­на­масының ережелеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен жол берілетін тәсілдермен радиотелефон сөйлесулерін жүр­гізу және ақпаратты беру үшін пайдалануға; 2) Оператордан Қазақстан Республикасы­ның қолданыстағы заңнамасында көзделген кө­лемде және тәртіппен Қызметтерді көрсетудің мазмұны мен ерекшеліктері, Қызметтерді тө­леу тәртібі туралы, Оператор қызметінің жұ­мыс режимдері туралы ақпаратты және басқа да ақпаратты алуға; 3) Оператор келісімімен есеп айырысу тәр­тібін, Тарифтік жоспарды, ұсынылатын Қыз­мет­тердің жиынын таңдауды және/немесе ау­ыс­тыруды Абонент өзіне ыңғайлы жолмен жүзеге асыруына болады: – Жазбаша нысандағы өтініш беру; – Абоненттік құрылғының пернетақта­сы­нан сандар қисынын (пәрменін) теру; – Жеке кабинете өзгерістерді өздік енгізу. 4) Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында көзделген өзге де құқық­тарды жүзеге асыруға құқылы. 4.3. Абонентке мыналарға: 1) басқа абоненттерге Оператордың Қыз­мет­терін пайдалануға кедергі келтіруге; 2) басқа абоненттерге олардың келісімінсіз (спам) Оператордың желісін пайдалана оты­рып, жарнама, ақпараттық және басқа да ма­териалдарды жаппай жіберуді жүргізуге; 3) Оператор желісінің кез келген бағдар­ламаларына, дерекқорларына және басқа да бағдарламалық элементтерді құрайтын желілеріне өздігінен (заңсыз) енуді жүргізуге, сондай-ақ, Оператор желіс жұмысының бұзылуына алып келуі мүмкін кез келген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға; 4) кез келген коммутациялық құрылғылар арқылы дабылдарды тоналдық терудің көме­гімен кіріс және/немесе шығыс шақырула­рының қайта жолдауды пайдалануға; 5) сөйлесулердің тарифтелмеген интервал­д­арын пайдалану кезінде теріс пайдалану­шы­лықтарға, сондай-ақ маршрутизацияны бұзу­мен байланысты теріс пайдаланушылықтарға жол беруге; 6) Оператордың желісі арқылы вирустардан немесе басқа да зиянды құрамдас бө­лік­терден тұратын тұратын кез келген ақпаратты немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді беруге; 7) қосымша қызметтің кез келген тәсілімен алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе иесінің немесе заңды құқық иесінің рұқ­сатынсыз зияткерлік меншік құқығының об­ъек­тісі болып табылатын басқа да материал­дарды беруге, шығаруға немесе таратуға; 8) Абоненттік нөмірді желінің жұмысын бұзуға және Операторға зиян келтіруі мүмкін лотореяларды, дауыс берулерді, байқауларды, викториналарды, жарнамаларды, сұрау салу­лар­ды, жаппай жіберулерді, үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынуға, кесімді байла­ныс желісіндегі, ІР-телефониядағы қолжетім­ділік үшін шлюздерді орнатуға және басқа да іс-шараларды жүргізу үшін пайдалануға тый­ым салынады. 5. Оператор Қызметтерінің құны және есеп айырысу тәртібі 5.1. Оператор Қызметтердің барлық түрле­ріне арналған тарифтерді дербес белгілейді және Тарифтік жоспарларда көрсетіледі. Оператор Тарифтік жоспарлардың тізбесін, оларды пайдалану талаптарын, оларға енгізілген ұялы байланыс қызметтерін және олардағы тарифтерді айқындайды және Оператордың сайтын­да және (немесе) Оператордың офистерінде ор­наластыру арқылы және/немесе үшінші тұлға­лар немесе Қазақстан Республикасының қолда­ныстағы заңнамасында шектеу қойылмаған басқа да жолмен абоненттердің назарына жеткізіледі. 5.2. Қызметтер үшін тарифтер – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде белгіленеді. Қызметтерді көрсету үшін барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде жүргізіледі. 5.3. Радиотелефон қосылысы ұзақтығының есебі қабылданған тарификация бірлігіне сәй­кес жүргізіледі. Қазақстан Республика­сының заң­намасында бекітілген тарификация бірлігі­нің аз мөлшерінің трафигі қызметтердің атал­ған түрі үшін тарификация бірліктерінің толық мөлшері ретінде тарифтеледі. 5.4. Қызметтер үшін есеп айырысулар мынадай есеп айырысудың жүйелері арқылы Абонент таңдаған есеп айырысудың тәртібіне байланысты жүзеге асырылады: есеп айы­ры­судың несиелік тәртібі, есеп айырысудың аванстық тәртібі. 5.5. Оператордың шотына ақша қаража­ты­ның түсуі немесе Оператордың кассасына ақ­ша қаражатын енгізу күні төлем күні (Або­ненттің теңгеріміне ақша қаражатын аудару) деп саналады. 5.6. Роумингте көрсетілген қызметтердің құны роуминг серіктестерінің беретін ақпараты келіп түскен сайын есептеледі. Роуминг ба­рысында кіріс және шығыс байланыс, оның ішінде бағыттаулар Оператор тарифтерінде көрсетілгендей төленуге жатады. Тарифтер мен қызметтерді көрсету шарттары Оператор сайтында және/немесе Оператордың және/немесе үшінші тұлғалар офисінде көрсетілген. 5.7. Қызмет көрсетуге (Роуминг және т.б.) жұмылдырылған байланыс операторлары және үшінші тұлғалармен өзара есеп айырысу ерекшелігіне қарай кейбір жеке Қызметтер құны кейінгі Есептесу кезеңінің егжей-тегжейлі шотына қосылуы мүмкін. 5.8. Есеп айырысудың несиелік тәртібі. 1) Есептік кезеңде Оператор көрсеткен Қызметтерді төлеуді Абонент Оператор қойған шот негізінде Есептік кезең ішінде жүзеге асырады. Осы Шартқа қол қою кезінде Абонент өзінің таңдаған Тарифтік жоспарында белгіленген сомадағы кепілді жарнаны төлейді. Кепілді жарна роуминг қызметін қосу кезінде де белгіленген. Берешектің болмауы кезінде кепілді жарна Шартты бұзу кезінде немесе Абоненттік нөмірді есеп айырысудың аванстық тәртібіне көшіру кезінде Абоненттің жеке шотына қайтаруға жатады. 2) Абоненттің осы Шарттың 5.8-тарма­ғы­ның 1) тармақшасында көзделген көрсетілген Қызметтерді Оператордың төлеу мерзімін бұ­зуы жағдайында Оператор алдын ала жазбаша хабарландырусыз мыналарға: а) Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға; б) егер, Қызметтерді төлеу жөніндегі берешек Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өтел­мейтін болса, осы Шарттың күшін біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы. 3) Оператор ұсынылатын Қызметтердің ш­е­гін (лимитін) белгілеуге құқылы. Лимит мөл­шері өткен кезеңдер үшін Абоненттік нө­мір бойынша сөйлесулердің жиілігін, шот­тар­ды төлеудің уақтылығын және кепілді жарна­ның мөлшерін ескере отырып, есептеледі. Оператор көрсетілген Қызметтердің құнының белгіленген шектен (лимиттен) асуы жағдайында Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға құқылы, ал Абонент Оператор көрсеткен нақты Қызметтер үшін төлем жүргізуге міндеттенеді. 5.9. Есеп айырысудың аванстық тәртібі 1) Абонент Қызметтерді тұтынудың бол­жам­ды көлемі мөлшерінде аванстық төлемдер арқылы таңдалған Тарифтік жоспарға сәйкес Қызметтерді төлейді. Осы Шартқа қол қою кезінде Абонент Абонент таңдаған Тарифтік жоспарда белгіленген сомада бастапқы аванстық төлемді енгізеді. 2) Абонентке Абоненттермен есеп айы­рысудың автоматтандырылған жүйесінде тең­герімін толтыру үшін жеке шотының дербес нөмірі ұсынылады. Абонент төлем құжат­тарында ол бойынша төлем жүргізілетін сома­ны және теңгерімді үшін оған ұсынылған шот­тың дербес нөмірін көрсетеді. Абонент аванс­тық төлем сомасын Қызметтерді тұтынудың болжамды көлемін және Оператордың қолда­ныстағы тарифтерін ескере отырып, дербес айқындайды. 3) Абонент Оператор Қызметтері үшін төлемді жасамай немесе дер кезінде төлем жасамаған (аванстық төлемді төлемеген) жағ­дай­да Оператор желісінен нақты ажыратқанға дейін тоқтата тұрады немесе Дербес шотты толтырғанға дейін Абонентке Қызмет көр­сетуді шектейді. 4) Қызметтерді пайдалану шарасы бойын­ша Абоненттің жеке шотынан Абоненттің таң­далған Тарифтік жоспарына сәйкес айқында­ла­тын тиісті соманы автоматты түрде есептен шығарады. 5) Оператор Абоненттің берешегінің ту­ындауын болдырмау мақсатында қосылуды үзу арқылы дербес шотта қаржының таусылуы сәтінде Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұрады. 6) Роуминг қызметін қосу кезінде Оператор кепілді жарна түрінде ұсынылатын Қызмет­тердің болжамды көлемін белгілеуге құқылы. Оператор Абоненттің келісімінсіз белгіленген кепілді жарнадан көрсетілген Қызметтердің құнының асуы жағдайында Абоненттік нөмір бойынша Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға құқылы. 6. Тараптардың жауапкершілігі 6.1. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіп­пен шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны, Қызметтердің жа­рияланған сапасы, Қызметтер туралы ақпарат­тың шынайылығы үшін Абоненттің алдында жауапкершілікте болады. 6.2. Оператор егер, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті ор­ындамау мыналардың салдарынан екенін дә­лелдейтін болса жауапкершіліктен босатылады: 1) тойтарылмайтын күш жағдайында (өрт, тілсіз қияпат, әскери іс-қимылдар және бас­қалары); 2) Оператордың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына алып келген мемлекеттік органның актіні шығаруы; 3) Абоненттің Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген Қызметтерді көрсету талаптарын бұзуы; 4) үшінші тұлғалардың Қызметтерді заң­сыз пайдалануы; 5) үшінші тұлғалардың өзге де іс-әре­кеттері (әрекетсіздіктері), сондай-ақ Оператор­дың құзыретінен тыс жағдайлар. 6.3. Оператор мыналар үшін: 1) басқа байланыс операторлары, сондай-ақ, басқа операторлар ұсынатын қызметтермен Оператордың Қызметтерді үйлестіруі кезіндегі қызметтердің сапасы үшін; 2) Оператордың желіні және (немесе) Қыз­меттерді пайдалана отырып, үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің сапасы мен мазмұны үшін; 3) Абоненттің, байланысты пайдалану­шы­лардың және өзге де тұлғалардың Қа­зақстан Республикасының, оның ішінде, авторлық және салалас құқықтарды қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасын сақта­мағаны үшін; 4) материалдарды және (немесе) ақпа­ратты алуға келісім берген Абонентке желі және (немесе) Оператордың Қызметтері ар­қылы үшін­ші тұлғаларға жіберілетін жарна­маның, ақпа­раттық және басқа да мате­риалдардың және (немесе) өзге де ақпа­раттың мазмұны мен ны­саны үшін; 5) Байланыс Операторы желісінде жүзеге асыратын жедел-іздестіру қызметін атқара­тын органдардың іс-әрекеттеріне және осы орган­дардың Абонент және көрсетілген Қызметтері туралы ақпаратты әшкерелеулері үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының Абонентке көр­сетілетін Қызметті тоқтату және/немесе шектеу үшін; 6) үшінші тұлғалар әкімдейтін бүкіл әлемдік Интернет желісінің жеке түйіндері немесе ресурстарының қолжетімсіздігі үшін; 7) Қазақстан Республикасының қолда­ныс­тағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жауапкершілікте болмайды. 6.4. Осы Шартпен көзделген міндеттемелерді орындамауы немесе тиісті орындамауы, оның ішінде, осы Шарттың 4.3-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзу жағдай­ында Абонент Оператордың алдында жауапкершілікте болады және Операторға толық көлемде шығындарды өтуге міндетті. Або­нент­тің осы Шарттың 4.3-тармағында бел­гілен­ген тыйым салуларды қайта бұзуы жағ­дайында Оператор Шартты бұзуға және келтірілген шығындарды өндіріп алуға құқылы. 6.5. Қызметтерді төлемеу, толық емес немесе уақтылы емес төлеу жағдайында Абонент Операторға әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасынан 0,1% мөлшерінде өсімақыны төлейді. 6.6. Абоненттік құрылғының және/немесе SIM-картаның жоғалуы, ұрлануы немесе өзге жағдайларда болмауы кезінде Абонент Қыз­меттерді ұсынуды тоқтату (тоқтата тұру) туралы 12 сағат ішінде Операторлың Абоненттен жазбаша өтінішті немесе одан кейінгі жазбаша хабарландырумен ауызша өті­нішті алуы сәтіне дейін Оператор көрсеткен Қызметтерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді алады. 6.7. Егер Оператордың кінәсі бойынша Қызметтерді ұсынудың дәлелденген елеулі бұзылуы салдарынан орын алатын болса, Опе­ратордың жауапкершілігі, Қазақстан Рес­пуб­ликасының қолданыстағы заңнамасында өзге белгіленбесе, онда бекітілген бір айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аспауы тиіс. Кез келген жағдайда Оператор алынбаған пайда, материалдық және (немесе) мораль­дық шы­ғын түріндегі Абоненттің мүмкін бо­латын залалдары үшін жауапкершілікте болмайды. 7. Шарттың қолданылу мерзімі, оны бұзу тәртібі 7.1. Осы Шарт Абоненттің Тіркеу ны­санына қол қою күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының қолданыс­тағы заңнамасында және осы Шартта көз­делген негіздер бойынша оны тоқтату сәтіне дейін күшінде болады. 7.2. Абонент кез келген уақытта біржақты тәртіппен (біржақты бас тарту) Шартты бұзуға құқылы. Абонент Шарттан бас тарту туралы өтінішті Операторға жазбаша ны­санда ұсынуы тиіс. Оператордың Қызметтер­ді көрсетуді нақты тоқтатуы Абоненттің жазбаша өтініште көрсетілген күнінен бастап жүргізіледі. Шарттың бұзылуы жағдайында Абоненттің берешегінен босатпайды. 7.3. Абонент бастамасымен Осы Келі­сім-шартты бұзу/тоқтату барысында Оператор Абоненттің берешегі болмаған жағдайда Абонентке оның Жеке есебіндегі ақшалай қа­ражат қалдығы Абоненттің Келісім-шартты бұзу жөніндегі жазбаша жеткізілген өтінішін тіркеу сәтінен кейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қайтарылады. 7.4. Абоненттің осы Шарт талаптарын бұзған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама­сын­да қарастырылған басқа да жағдайларда Оператор осы Шартты біржақты тәртіпте (біржақты бас тарту) бұзуға құқылы. Егер осы Шартта тура белгіленбеген болса, Оператор Абонентке Шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Бұл жағдайда Шарттың күші Оператор хабарламасында көрсетілген мерзімнен бастап жойылады. 7.5. Кез келген негіздемелер бойынша Шартты бұзу кезінде Абоненттік нөмір алы­нады, Абоненттің меншігіндегі Абоненттік құрылғыны Оператор сатып алмайды, SIM-картаның, сондай-ақ, сатып алынған, бірақ белсендірілмеген Экспресс төлем картала­ры­ның құны Абонентке өтелмейді. USB-мо­дем­нің құны оның белсендірілмеген және сапасы мен жағдайына Оператордың міні болмаған жағдайда қайтарылады. Шарты бұзу немесе тоқтату жағдайында Абоненттің келісімінсіз Абоненттік нөмір алынып, алдағы уақытта Оператордың басқа Абонентіне берілуі мүм­кін. Оператордың кез келген акция аясында ұсынатын бонустар мен жеңілдіктері Абонентке қайтарылмайды және құны төлен­бейді. 8. Өзге шарттар 8.1. Осы Шарттың талаптарымен реттел­мегендердің барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. 8.2. Тараптар осы Шарт бойынша мә­се­лелер жөніндегі барлық даулар мен келіспеу­шіліктерді Қазақстан Республика­сы­ның қол­даныстағы заңнамасына сәйкес шешеді. 8.3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Шарт мәтіндерінде қайшылықтар болған кезде орыс тіліндегі Шарт мәтініне басымдық берілетін болады. 9. Оператордың деректемелері: «22-КаР-Тел» ЖШС, Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй, тел. +7 727 3500606, факс +7 727 3500605, e-mail beeline@kartel.kz, СТН 600900131390, IBAN KZ54826A1KZTD2008414 Алматы қ. «АТФ Банк» АҚ филиалы, БИК ALMNKZKA, БСН 980540000397.