• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Есіл ауданында есірткіге есі кеткен ер кісі сотталды

412 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 25 мамыр. Ақмола облысы, Есіл аудандық соты есірткіні заңсыз пайдаланған аудан азаматына қатысты қылмыстық істі қарап, тиісті шешім шығарды. Бұл туралы akm.sud.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Сот полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізілген Есіл ауданы тұрғынының үйін қарау кезінде одан 7 қағаз қалтаға оралған, жалпы салмағы 42,8606 грамм болатын есірткі заты – гашиш алынғанын анықтады. Осыған байланысты ер кісіні Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-тармағында («Заңсыз есірткі заттарын пайдалану») қарастырылған қылмыстық іс жасады деп тауып, оған 30 ең төменгі айлық көлемінде айып пұл салу жөнінде шешім шығарды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облысы, Есіл аудандық соты.