• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Келісім – келелі іс бастады

347 рет
көрсетілді

Елордада Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметшілер жұмы­сы­ның ашықтығын және ұлттық бизнестің транспаренттігін қамтамасыз етуге бағытталған ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес, әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік субъек­тілерінің құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғау, мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныс әзірлеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірқатар бірлескен шараларды жүзеге асыру көзделген. Осыған орай ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат алмасу және ол қызметтерді халыққа ұсынатын мемлекеттік органдар жұмы­сының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу де қолға алынады деп жоспарланып отыр.  «Егемен-ақпарат»