• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Эстония қаржы министрі

306 рет
көрсетілді

Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия­сында Эстония Республикасының Қаржы министрі Свен Сестердің қонақ дәрісі болып өтті. Оған Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Академия ректоры Болатбек Әбді­рәсілов Эстония министрін қарсы алып, Қазақстанның жас мемлекеттік қызметшілерінің Эстонияның мем­лекеттік саясат және экономика сала­сындағы озық тәжірибесіне ерекше қы­зығушылық танытатынын білдіріп, іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Дәріс барысында Свен Сестер мырза Қазақстанмен арадағы сыртқы экономикалық қатынастардың дамуының негізгі бағыттары, Эстониядағы табысты мемлекеттік және әкімшілік реформалар туралы айтып, қаржы ресурстарын ұтымды басқару тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, министр эстониялық мемлекеттік қызмет үлгісінің басты басымдықтары, тиімді электронды үкіметті қалыптастыру мәселелері мен Эстония Үкіметінің сыбайлас жем­қорлықты болдырмау бойынша басымдылықтары жайлы жан-жақты мәлімет берді. Свен Сестер мырза биылғы жылдың 26 мамырында Астана экономикалық форумы аясында өтетін «Институционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппарат» атты Жаһандық конференцияға негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысып, сөз сөйлейді.  «Егемен-ақпарат»