• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Алып саңырауқұлақ табылды

1466 рет
көрсетілді

Биылғы көктемгі жауын-ша­шын­ның шамадан тыс көп болуы әсер етті ме екен, Жамбыл облысында салмағы 17 килоға жуық саңырауқұлақ табылды. «Найзағай ойнап, күн қатты күркіреген сайын қозықұйрық қаптап шығады» деген халықтың нанымына сенетін болсақ, биылғы көктемнің аспаны табиғаттың жарқылы мен дүрсіліне толы болғаны да белгілі. Әйтеуір, алып саңырауқұлақ табиғат аясында қозықұйрық теруге шыққандардың назарына бірден ілігіпті. Оны тауып алған Жамбыл облысынан сайланған экс-сенатор Александр Савченко саңырауқұлақтың ауыр салмағына өзі де қатты таңғалып отыр. Негізі, мұндай ерекше саңы­­рауқұлақтарды Жамбыл облысы аумағының жартысына жуы­ғын алып жатқан Мойынқұм ауданында кездестіруге болады. Мамандар бұл қозықұйрықты тұтынбастан бұрын СЭС зертханасында радиация мен токсиндерден тексеріп алуды ұсынды. «Ұлттық сараптау орталығының» меңгерушісі Виолетта Касапаклис оны тексеріп, тұтынуға жарамды екенін айтты. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы