• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Жасыл ел жобасы

4256 рет
көрсетілді

өмірге келгелі бері 40 миллион түп ағаш отырғызылды – 2005 жылы ел Президенті «Жасыл ел» қозғалысының тұсауын кескен болатын. Осы он жылда оның қатарында 250 мың жас жұмыс істеді, ел аумағында 45 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Мұнда ақтөбелік жастардың үлесі зор. Жалпы, ақтөбелік жас­тар Президент бастамаларын жүзеге асыруда көшбасшы болып келеді, деді өңірге іссапармен келген Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов. Биыл «Жасыл ел» еңбек отрядының Ақтөбе өңірлік филиалы 5 мыңнан астам жас­ты жұмыспен қамтамасыз етуді көздеуде. Бұл – басқа өңірлерге қарағанда, өте жоғары көрсеткіш. Бастама облыс басшылығынан кең қолдау тауып отыр. Биылғы жылы «Жа­сыл ел» қозғалысына қатысушылар үшін 300 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы жа­сылелдіктердің бұрынғыдан да ұзағырақ еңбек етіп, өнімді жұмыс істеулеріне, сон­дай-ақ, еңбекақыларының жоғары болуына жұмсалатын болады. Олар қаланы көгал­дандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, күтіп-баптау және қураған ағаштарды кесу жұмыстарымен айналысады. Жастардың еңбек етулеріне барлық жағдай туғызылған, жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде оларға жұмыс істейтін аумақтар белгіленіп, бөлінді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы