• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Қабылдау қосындары жұмыс істеуде

238 рет
көрсетілді

Өңірде Жер кодексіне енгізілген өзге­рістерді тереңірек түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жақында облыста жер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау қосындары ашылып, жұмыс істей бас­тады. Тек Ақтөбе қаласында ғана төрт қосын ашылды. Олардың бар­лығы жер мәселелерін түсіндіру мақ­сатында облыс әкімі Бердібек Сапар­баевтың тапсырмасы бойынша ашылып отыр. Өңір басшысының бұл бас­тамасын жер реформасы бойынша үшжақты комиссияның, қоғамдық кеңес және өзге де қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қолдады. Қосындар Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарында орналас­қан. Ақтө­беліктерді «Алаш жолы» қоз­ғалысы, қоғамдық бірлестіктер мен сая­си партиялар, атқарушы билік өкілдері қабылдап, жерге қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдауда. Тұрғындарды қабылдап жатқан Бақыт Жаншаеваның айтуынша, облыстық филармониядағы қосынға 50-ден астам адам жолыққан. – Азаматтарды жеке тұрғын үй құ­рылысына қажетті жер телімдерін беру, жұмыспен қамту, өз шаруасын дамыту үшін несие алу, шаруа қожалықтарын ашу секілді түрлі сауалдар мазалайды. Яғни, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты сауалдар шын мәнінде аз, – дейді Бақыт Жаншаева. Үшжақты комиссияның, ақтө­бе­лік «Алаш жолы» бастамашыл қоз­­ға­лы­­сының мүшесі Көшкінбай Ахме­тов ақ­төбеліктерді «Нұр Отан» ғи­ма­ратында орналасқан қосында қабылдады. – Әрине, біз облыс әкімінің ұсыны­сын қол­дадық. Мұнда облыстық комис­сия, атқарушы орган, саяси партия­л­ар, қо­ғам­дық ұйымдардың өкіл­дері қатысып отыр. Олардың әрбі­рі нақты жауап беріп, құ­зыр­лы орган­дардың назарына барлық ұсы­ныстарды жеткізбекші, – деп атап өтті ол. Айта кету керек, азаматтарды қабыл­дау қосындарына барлығы 100-ден астам адам келген. Мұндай орын­дар облыстың аудандарында да ұйымдастырылған. Үстіміздегі жылғы 3 мамырда жер мә­селесіне байланысты облыста үшжақты комиссия құрылған болатын. Оған «Алаш жолы» қозғалысының белсенділері, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері енді. Олар­дың мақсаты облыс тұрғындарынан келіп түскен барлық ұсыныстар мен ті­лек­­терді сараптап, республикалық ко­мис­­сия қа­рауына жолдау болып табы­лады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы
Соңғы жаңалықтар