• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Алматы велосипедшілері төрт бағытта жол ашуға ұсыныс жасады

242 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 27 мамыр. Қазақстан велоспорт Федерациясының вице-президенті, белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов сенбі, жексенбі күндері қала аумағында төрт бағытта көлік жүрісін шектеп, велосипедке жол ашуды ұсынды. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпкердің ұсынысын қызу қолдаған «ВелоДостар» қауымдастығы қаланың индустриальды аумағындағы Бауыржан Момышұлы көшесіне, Үлкен Алматы су арнасын жағалап салынған жолға, Қапшағай бағытындағы трассаға, Алатау бөктерін шығыстан батысқа көлбей жатқан соқпаққа назар аударып отыр. Сонымен қатар, Райымбек Баталов қалада жаңадан велотрек ғимаратын салу үшін 250 миллион теңге бөлгенін, дәл осыншама соманы қала әкімдігі бөлуге ынталы болып отырғаны жайлы да мәлімдеді. Велосипедсүйер қауым жобалық бұл ұсыныстардың Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға зор септігін тигізетініне сенімді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz.
Соңғы жаңалықтар