• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Боксшы Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионы атанды

182 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 мамыр. Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Осы додада Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді Ләззат Күнгейбаева жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 81 килодан аса салмақта қолғап түйістіретін боксшы қыз финалда америкалық Шадасия Гринді ұтты. Ләззат 2014 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған. Енді, міне көптен бері күткен алтын медалін мойнына тақты. Осы чемпионатта Күнгейбаева жақсы өнер көрсетті. Әлемдік дода басталысымен қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, өз салмақ дәрежесінде дара шықты. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар