• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Еңбектің мойындалуы

226 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сау­да ұйымының Бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Төраға ДСҰ басшысын ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталуымен құттықтады, Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл Қазақстан мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі Р.Азеведоның елеулі еңбегінің мойындалуы болып табылады. Сенат басшысы Н.Назарбаевтың «100 қадам» Ұлт Жоспарының елеулі бөлігі еліміздің әлемдік экономикаға ты­ғыз ық­пал­дасуы жағдайында индус­трия­лан­дыру мен экономикалық өркендеуді қам­­тамасыз етуге арналғанын атап өтті. Осыған бай­ланысты, Парламент пен Үкіметтің бір­лескен іс-қимылы ұлттық заңнаманы жетілдіруде кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Төраға Сенатта ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүшелікті есепке ала отырып, отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігі мәселелері бойынша сәуірде парламенттік тыңдау өткенін айтты. Кездесу барысында жүздесушілер Қазақ­стан Президентінің Астана эконо­микалық форумы барысында адам капиталын дамыту, офшорсыздандыру мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік қоғамдастыққа ұсынған жаңа бастамалары туралы пікір алмасты.