• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Аристотельдің қабірі Грекия жерінен табылды

318 рет
көрсетілді

Мәліметтер бойынша, зират Халкидики түбегіндегі көне қа­ла Стагир аумағында жатқан кө­рінеді. Әйгілі философтың жат­қан жерін алғаш болып Кос­тас Сисманидис есімді грек архео­логі анықтаған. Бұл туралы ол «Аристотель – 2400» атты конференцияда мәлімдеді. Қазба жұмыстары 1996 жылы басталған. Содан күні бүгінге дейін табылған жәдігерлер Аристотельге тиесілі болуы мүмкін деген болжам ғана жасалып келген. Ал Костас Сисманидис жиын барысында қабірдің грек философына тиесілі екенін дәлелдейтін айғақтар тапқанын айтты. – Біз Аристотельдің қабірін анықтадық. Сонымен қатар, қаз­ба жұмыстары кезінде көне де­реккөздерде айтылатын қабір мен құрбан шалатын орынды (алтарь) және адамдар жиналатын орынға жақын жерде жатқан табытқа апаратын жолды таптық», – деді Костас Сисмандис. Оның айтуынша, зират Стагир қаласының солтүстігіндегі биіктеу жотаның қасында орналасқан. Айтпақшы, Аристотель біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы дәл осы қалада дүниеге келген. Тарихта ол Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның ақылшысы «бірінші ұстаз» деген атпен қалған. Формальды логиканың негізін қалаушы, философияның жан-жақты жүйесін қалыптастырушы әрі өз заманының дара данышпаны болған. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»