• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қазақтың көне шежіресі әлем назарында

423 рет
көрсетілді

Қазақ Географиялық қоғамы Shejire DNA жобасымен және норвегиялық ғалымдармен бірлесе отырып, Қазақстан мен Скандинавия арасындағы этнографиялық және мәдени байланыстар зерттелетін ғылыми жобаны жүзеге асыруда. Алматы қаласында Қазақстан­ның тарихы мен мәдениеті туралы деректі фильм түсірумен, сондай-ақ ел тұрғындарының этногенетикалық сәйкестіктерін ғылыми тұрғыда зерттеп жүрген норвегиялық ғалымдар делегациясы өз еңбектерінің есебімен тілшілер қауымын таныстырды. Халықаралық ғалымдар тобы «ежелде Орталық Азия үнді­еуропалық тілдердің орталығы болған» деген болжамға сай, Қазақстан мен Скандинавия халық­тарының этнографиялық және мәдени байланыстары туралы гипотезаны бірнеше жылдар бойы зерттеп келеді. Осы ғылыми жоба әлем ғалымдарының назарын өзіне аударып, елімізде норвегиялық «NRK» телеарнасы түсіріп жүрген ғылыми-танымдық бағдарламаның басты эпизодына айналып отыр. Қазақ Географиялық қоғамы­ның негізгі бағыттарының бірі – бүкіл әлемге Қазақ елінің мә­де­ниетін, тарихын таныстыру бол­ғандықтан, аталмыш жоба отан­дық география­лық қоғам тарапынан да зор қол­дауға ие болуда. Қазақстан халқы Ассамб­леясының қолдауымен өткізілген бұл басқосуда норвегиялық ғалым әрі «NRK» телеарнасының журналисті Джо Рослиен журналис­терге арналған шеберлік-сынып өткізіп, тарихшы-ғалым Струла Еллингваг, «Қазақ Географиялық Қоғамы» төрағасының орынбасары, Shejire DNA project директоры Нұрбол Баймұханов түрлі ғылыми тұжырымдамаларымен бөлісті. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ