АСТАНА. 30 мамыр. Таиландтың солтүстік-шығысындағы Удонтхани провинциясының билігі таратқан ақпаратта осы елдің азаматы Тайвань әуежайында зика безгегінің белгілерімен тоқтатылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар жұмыстар атқарып жатырмыз. Әуежайдан қауіпті аурудың белгілері бойынша бір азамат тоқтатылды. Осыған байланысты біз оның отбасын да бақылауымызға алдық», – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мит Прасаннакарн.
Осымен биыл Таиландта аталған вирусты жұқтырған үшінші адам жұқтырған Қаңтар айында Удонтхани провинциясының тұрғыны, ал кейінірек Бангкокта тағы бір адамның зика безгегіне шалдыққаны анықталды.
Айта кетейік, зика – маймылдар арасындағы жұқпалы ауру. Адамдарға масалар арқылы жұғады. Ол әсіресе, жүкті әйелдер үшін қауіпті. Салдарынан іштегі сәбидің көру, есту қабілеттерінде ауытқушылықтар пайда болады. Сонымен қатар, бас сүйегі өз мөлшерінде дамуына зиянын тигізеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.