• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2016

Оңтүстікте екі кішкентай қыз кездейсоқ оқиға құрбандары болды

588 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 30 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күні екі кішкентай қыз баланың кездейсоқ оқиғалардың құрбандары болып кетулерімен ерекшеленді. Бұл туралы Otyrar.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Демалыс күндері төтенше оқиғасыз өтпеді. Сарыағаш ауданына қарасты  Ақтөбе ауылында  2 жасар балдырған көз жұмды. Ол өз үйінің ауласындағы әжетханаға түсіп кетіп,  тұншығып қайтыс болған. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, орын алған жағдайға ата-анасының мұқиятсыздығы себеп», - делінген хабарламада. Мұндай оқыс оқиға демалыс күні облыстың Бәйдібек ауданында да тіркелген. Атап айтқанда, Боралдай ауылындағы Мұрынтас демалыс аймағында 3 жасар қыз бала суға ағып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуларынша, бір күннің ішінде болған бұл екі жағдайда да ата-аналар кішкентай сәбилерін қараусыз қалдырып қойған. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: Otyrar.kz.
Соңғы жаңалықтар