Соңғы күндері Египет Араб Республикасында қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР СІМ аталмыш елдегі қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Мәселен, біздің азаматтарымызды Египеттен шығару туралы шешім қабылданып, қазір таяу тәуліктерде Каирге және одан кері қарай ТЖМ-нің арнайы ұшағының жіберілуі жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
ҚР-ның Египеттегі елшілігі осы елден кетуге ниетті азаматтардың Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін қабылдауда. Ол үшін ҚР консулы Ербол Елубаевпен төмендегі телефон нөмірі арқылы байланысу қажет: (8-10-20) 126-789-300.
Сонымен бірге, Каир әуежайымен қатар, Египеттің қалған барлық халықаралық әуежайлары тұрақты рейстерді қабылдап және ұшырып жатқандығын хабарлаймыз. Сондықтан да, біз Египеттің аудандарында қалып отырған қазақстандықтарға елден өз беттерінше кетуге ұсыныс білдіреміз.
Аталған елдегі біздің отандастарымыздың санына келсек, ҚР-ның Египеттегі елшілігінің консулдық есебінде Қазақстанның 185 азаматы тұр. Олардың ішінде біздің дипломаттардың көмегімен шұғыл түрде Отанына оралуға 156 адам тілек білдірді. Қазақстандықтардың бір бөлігі елшілікті ескертпей-ақ елге өз беттерінше келіп және кетіп жатқандығын атап өту қажет.
Жоғарыда аталған жағдайға байланысты ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына бұл елге уақытша бармай тұра тұруға кеңес береді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.