• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2011

Жылы жүзді жүздесулер

464 рет
көрсетілді

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның экс-Премьер-министрі Энтони Блэрді қабыл­дады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ықпалдастық мәселелерін талқылады. * * * Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Әбу-Дабидің мұ­ра­гер ханзадасы Шейх Мұхам­мед бен Заид әл-Нахаянмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа қа­тыс­ты бірқатар мәселелерді тал­қылады. Әл-Нахаян Азиаданың мінсіз ұйымдастырылғанына таң­данысын білдірді. *  *  * Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Халықаралық Олим­­пиада комитетінің төраға­сы Жак Роггені қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты ықпалдастық, Қазақстанның спорт­­­­­ты дамытудағы жоғары жетістіктері жайлы сөз қозғады. Ж.Рогге Қазақстан Президентіне Қыс­қы Азия ойындарын халық­аралық жоғары деңгейде ұйым­дас­тырғаны үшін шынайы алғысын білдірді. – Азиада қарсаңында Қазақ­стан­да көптеген жаңа бірегей спорт ғимараттары салынғанын атап айт­қым келеді. Бұл Азиа­да­ның ұйым­дастырылуы ең жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, Президентпен кез­десуіміз барысында біз 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойын­дарын Қазақ­стан­да өткізу мүм­кін­дігі жайында пікір алыстық, – деді Ж.Рогге. *  *  * Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Олим­пиа­далық кеңе­сінің президенті, шейх Ахмад әл-Фахад әл-Са­бахпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәсе­ле­лерін, сонымен қатар VІІ Қыс­қы Азия ойындарын өткізу жай­ын талқылады. Әл-Сабах Президент Н.Назарбаевқа Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. – Мен Қазақстан Президентіне Азиядағы барлық спорт ұйым­дары мен қозғалыстары атынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтауын жеткіздім, – деді шейх әл-Сабах журналистерге арналған брифингте.