• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2011

Жиырма жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңі

620 рет
көрсетілді

Газеттің өткен нөмірінде хабарланғанындай, 28 қаңтарда Ақ­ор­дада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың төрағалық етуімен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар­налған кеңес өтті. Оған Парламент палаталарының төраға­ла­ры, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, жекелеген министрліктердің басшылары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты. Кеңесте Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығын өткізуге дайындық барысы және Жалпыұлттық жоспарға сәй­кес әзірленген Тұжырымдама талқыланды. Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отыры­сында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнаған еді. Президент сөзін алдымен Жол­дау­дағы негізгі басымдықтардан бастады. Бүгін өздеріңіз куә бол­ғандай мен жыл сайынғы дәс­түр­лі Жолдауымды халыққа жария еттім, деді Елбасы. Жолдауда би­ыл­ғы жылы атқа­рылуы тиіс негізгі бағыттарымыз бен міндеттеріміз айқындалды. Со­ның ішінде Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығын ел бо­лып жо­ғары дең­гейде атап өту мәсе­ле­сі­не ерекше мән беріп отыр­мыз. Сондықтан бүгінгі ке­ңес­­те осы ай­тулы шараға дайын­дық мәселе­лерін өздеріңіз­бен тал­қылап және ақылдасып алуды жөн санадым. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, хал­қымыздың мәңгілік құнды­лығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің ар­қа­сында қол жеткіздік. Жиыр­ма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұ­мыстар жасадық. Елі­мізде білім, ғылым, денсау­лық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздіктің қасиетін осы­лай бағалаған Президент Азия ойындарына тоқталды. Астана және Алматы қалаларында өтетін 7-қысқы Азия ойындарына 27 елден спортшы қатыспақ. Сөйтіп, біз осындай құрлықтық спорт ша­расы  арқылы Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын бастап кетпекпіз. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыс­тар­мен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жал­пы­халықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қо­суы тиіс. Ол – ауыл шаруа­шы­лығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шы­найы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Жиыр­ма жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдар­да­ғы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта бол­ды. Онда еліміз халқының әлеу­меттік әл-ауқатын көтеруге қа­тыс­ты үлкен блокты шаралар қа­растырылған, экономиканы ин­дус­триялық-ин­новациялық дамы­ту бойынша жаңа міндеттер қой­ыл­ған. Олар­ды жүзеге асыру дағдарыстан кейінгі дамудағы маңызды ба­сымдықтар болады. Президент Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға кірісу жөнінде Үкіметке, барлық мемлекеттік органдарға және әкім­дер­ге тапсырма берді. Сонымен қатар, Жолдауды, ондағы басым­дықтарды тұрғындар арасында түсіндіру үшін кең ауқымдағы іс-шаралар жүргізіп, оған азамат­тар­дың белсенді қатысуын ұйым­дастыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл жұмыстарды Үкімет, Президент Әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы, депутаттар мен әкім­дер үйлестіруі тиіс. Жолдауда мен еліміздің Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселелерін ерекше атап өттім, деді Мемлекет басшысы әрі қарай. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жет­пес құн­дылығымыз. Жас мем­лекет та­рихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланыс­ты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Біздің алды­мызда осы жылы Тәуелсіздік ме­рейтойын асқан ұйымдастыру­шы­лық­пен және жоғары идеоло­гия­лық деңгейде өткізу міндеті тұр. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі, Тәуел­сіздіктің 20 жылдығын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия­ның төрағасы Қанат Саудабаев баяндама жасады. Осыдан он тоғыз жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазығын Сіз өз қолыңызбен қадағаныңыз баршаға белгілі, деді Мемлекеттік хатшы сөзінің басында. Содан бергі уақытта Сіз­дің тарихи еңбегіңіздің арқа­сында бүкіл әлем қазақ ұлтын, Қазақстан елін барынша таныды. Мәртебелі мемлекет ретінде мой­ындады. Сіздің Қазақстан хал­қына Жолдауыңызда көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді бас­шылыққа ала отырып, біз олар­ды лайықты жүзеге асыруға барлық күш-жігерімізді жұмылдыратын боламыз. Соның ішінде ең бас­тысы – Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғын бүкіл қазақстандықтар бо­лып атап өту шараларына дай­ын­дық жұмыстарын ойдағыдай бастап кеттік. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі бұдан кейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме­рей­тойы аталып өтілетін жыл ішін­дегі ауқымды іс-шараларға тоқталды. Мемлекеттік комиссия төрағасының тоқталып өтке­нін­дей, Президенттің 2010 жылдың наурызында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты берген тапсырмаларына сәйкес, мерей­той­ға дайындық жұмыстары жүй­елі түрде жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы төрағалық ететін Ұйым­дастыру комитеті «Бейбітшілік пен жасампаздықтың жиырма жылды­ғы» жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірледі. Осы жоспардың аясында орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті жерлердегі басшылардың әрқайсысы өздері­нің қандай шаралар ұйымдас­тырып, өткізетінін біледі. Мерейтой жылындағы басты басымдықтар да айқындалған. Олар – Қазақстанды экономика­лық қуатты, бүкіл әлем қарқынды дамып келе жатқан өңірлік держава ретінде таныған тұсау­ке­серлер өткізу; Елбасының жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы, елі­мізде бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі айрықша рөлін көрсету, барлық қазақстандықтардың бірлігі мен патриотизмді нығайтып, тәуелсіз мемлекет құру үдеріс­теріндегі, сондай-ақ ел тағды­рына деген жауапкершілікті арт­тырудағы жасампаздық істерін қазақстандықтармен қатар, әлем жұртшылығына таныстыру. Комиссия төрағасы Қанат Сау­дабаевтың атап өтуінше, Тәуел­сіздік жылының әрбір айы өзінің тақырыптық бағыттағы іс-шара­ларымен ерекшеленеді. Мысалы, қаңтар айы Қысқы Азия ой­ын­дарын, Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдерде қазақстандық спорт­шылардың республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктерін кең ауқымда наси­хат­тауға арналды. Ақпан айы Қазақ­станның халықаралық деңгейдегі жоғары беделіне арналғалы отыр. Бұл айда қоғамның назары елі­міздің сыртқы саясаттағы баста­ма­лары мен қол жеткізген табыс­тарына және әлем елдерімен дос­тық қатынасты нығайтуға бай­ланысты тақырыптарға назар аударылады. Наурызда өткізілетін шаралар тақырыбына негізінен ұрпақтар жалғастығы, отбасылық құнды­лықтарды құрметтеу өзек бола­ды, деді Мемлекеттік хатшы осы туралы. Ал сәуірдегі негізгі іс-шара­лар­дың басты тақырыбы индус­трия­лық-инновациялық дамуға арна­ла­ды. Мұнда реформалау мен ел экономикасын әртараптандыру­дағы ғылым мен жаңа тех­нологиялардың ерекшелігіне және рөліне баса назар ауда­ры­лады. Комиссия төрағасы, сондай-ақ бұдан кейінгі айларда жүзеге асырылатын шаралардан да хабардар етті. Мысалы, мамыр – бірлік пен толеранттылық тақы­ры­бына арналмақ. Өйткені, бұл айда Қазақстан халқы бірлігі күні, Жеңіс күні және Отан қор­ғаушы күні кеңінен мерекеленіп келеді. Маусымдағы басты тақы­рып – патриотизм. Осыған байла­нысты еліміздің барлық өңір­лерінде патриотизмге үндейтін акциялар, ойындар мен фестивальдер өткізу жоспарланып отыр. Шілде айы Қазақстанның астанасына арналмақ. Себебі, 6 шілде – Астана күні. Астана – болашаққа ұмтылған еліміздің тәуелсіздігінің жарқын символы. Тамызда Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы атап өтіледі. Сон­дықтан бір ай бойы ел тәуел­сіз­дігінің құқықтық негіздерін си­пат­тайтын түрлі іс-шаралар ұйым­дастырылатын болады. Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Білім күнін мерекелеуден басталып, соның аясында қазақстандық қоғамда білім, мәдениет, тілдер мен рухани келісім мәселелері қамтылады. Қазанда біз ауыл-селоға ерекше назар аударатын боламыз, деді Қанат Саудабаев. Бұл айда ауыл­шаруашылық жұмыстары­ның қорытындысы шығарылады. Қоғам агроөнеркәсіп кешенінің серпінді жобаларымен танысты­ры­лады. Қараша үдемелі индустриялық-инновациялық да­му­ға арналады. Бұл айдағы шара ұлттық валютамыз – Теңге күнін мерекелеуден басталады. Ал ме­рейтойдың қорытынды кезе­ңін­де (26 қараша мен 15 желтоқсан аралығы) Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген негізгі табыстарын қамтитын «Тәуелсіздіктің жиыр­ма шыңы» деген ұранмен екпінді жиырма күндік өткізіледі. Оның әр күні тәуелсіздік жылдарын­дағы жетістіктер мен базалық құндылықтарға арналады. Мемлекеттік комиссияның төр­ағасы сөзінің барысында мерейтой жылын мерекелеудің және Жал­пы­ұлттық жоспарда көрсетілген ша­ра­ларды ойдағыдай жүзеге асы­рудың бірқатар маңызды тұс­та­рына да тоқталып өтті. Қанат Саудабаевтың тоқталып өткенін­дей, қазақстандықтардың өмірін сапалық жағынан көтеру үшін әр отбасы, әр үй, әр көше мен ауыл, қала мен облыс өз аумақтарын жаңартуы, көріктендіруі арқылы мерейтойға дайындалуы қажет. Сонымен бірге, мүмкіндігіне қа­рай тұрғындарды ауыз сумен, газ­бен қамтамасыз ету мәсе­лелерін қарастыруы тиіс. Бұл мәселелерде Президент Нұр­сұлтан Назарбаев­тың бастама­сы­мен жүзеге асы­рылып жатқан тамаша тәжірибе – «Жол картасы» бар. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуде кезекті аса маңызды бағыт – халықара­лық деңгейде өтетін ауқымды шаралар болатынынан хабардар етті. Комиссия төрағасы Қанат Саудабаевтың айтуынша, биылғы жылдың мамырында IV Астана эко­номикалық фо­румы, маусым­да ШЫҰ-ның ме­рей­тойлық саммиті, Бүкіләлемдік Ислам эконо­микалық форумы, ИКҰ-ның 38-ші Сыртқы істер ми­нистр­лерінің кеңесі өтеді. Сонымен қатар, шілде айында Астана күні мерекеленіп, тамыз­да Семей ядролық сы­нақ поли­гонының жабылғанына 20 жыл то­лады. Бұлардың бар­лы­ғы айту­лы шаралар болып табылады. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ осы жылдың наурызында Египетте ИКҰ-ның ХІІ саммиті өте­тін­дігіне арнайы тоқталды. Оның хабардар етуінше, саммитте Қа­зақ­стан Президентінің еліміздің осы Ұйымға төрағалығындағы басымдықтары мен тұжырым­да­ма­­лық мақсаттарына бай­ланысты бағдарламалық сөз сөйлеуі жос­пар­ланып отыр. Бұл шаралардың бар­лы­ғында Қазақстанның имиджін халықаралық қоғамдас­тық­та көтеретін мәселелер көрініс табады. Комиссия төрағасы  мерей­той­лық шаралардың бағдарла­ма­ларына ақпараттық-насихаттық қолдау көрсету арқылы оларды жұрт­шы­лыққа жеткізу мәселе­сіне тоқ­талды. Қанат Сауда­баев­тың келтірген мәліметтеріне қа­ра­ғанда, мерейтойлық шаралар­ды насихаттау жұмыстары ішкі және сыртқы ақпарат кеңістігінде қа­зір­дің өзінде басталды. Қазақ­стан­дық БАҚ-тар мерейтойға арналған арнайы айдарлар ашты, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын арқау ететін көркем және деректі фильм­дер түсіру, түрлі телебағдар­ламалар жасау жұмыстары бас­тал­ды. Атал­ған жұмыстар дәс­түрлі БАҚ-тарда ғана емес, интернет кеңіс­тігі мен блогер сала­ларын да қам­титын болады. Со­ны­мен қатар, еліміздің жетістіктері ту­ралы материалдар аса беделді шет­елдік БАҚ-тарда да жария­ланады. Жалпыұлттық жоспар бой­ын­ша, деді Мемлекеттік хатшы сөзі­нің соңында, 136 шара өткізіледі. Оның 68-і қоғамдық-саяси, 21-і мәдени, 19-ы ғылым мен білім беру, 12-сі спорт, 16-сы ақпа­рат­тық-имидждік тақырыптарға ар­налған. Мемлекеттік хатшының баян­дамасы аяқталған соң, Президент  Комиссия төрағасынан «Ауыл­дың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясына байла­ныс­ты жергілікті жерлерде қандай жұ­мыстар қолға алынып жатқа­нын сұрады. Қанат Саудабаевтың айтуынша, жалпыұлттық жоспарда әр облыста жүзеге асы­ры­латын жұмыстар жеке-жеке көр­се­тілген. Қазіргі кезде олар қолға алынып жатыр. Барлық облыс­тар­да, аудандар мен елді мекендерде Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғына дайындық көптен бері жүргізілуде. Әрбір өңір өздерінің нақты міндеттерін жақсы біледі. Жыл ішінде атқарылатын жұмыс­тар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қазіргі­ден де жақсартатын болады. Бұдан кейін Елбасына Мәде­ниет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мерейтой аясында министрлік тарапынан өткізілетін шараларға дайындық жөнінде баяндап берді. Жалпыұлттық жос­пар­ға сәйкес әр облыс Тәуел­сіздіктің 20 жылдығында қандай іс-шаралар өткізетіндігі туралы жос­парларын жасады, деді министр. Өйткені, өткен жылдың тамыз, қыркүйек айларында об­лыстар әкімдері барлығынан хабардар болды, бюджеттерінде оған қажетті қаржы қарастырды. Ал іс-шаралар негізінен төрт дең­гейде: Астанада, облыстар орта­лық­та­рын­да, аудандар орталық­та­рында және әр елді мекендерде өтеді. Тәуелсіздіктің мерейтойы мә­де­ни шаралармен шектеліп қал­май, әлеуметтік саланы дамыту мәсе­лесіне де баса көңіл бөліне­тін болады. Жолдауда Сіз атап көр­­сеткен Тәуелсіздік бізге бос­тан­дық, береке-бірлік, саяси және әлеуметтік тұрақтылық берді. Осы төрт сөз Тұжырымдаманың негізгі түйіні деп айтуымызға бо­лады. Тәуелсіздіктің арқасында, Сіз жүргізген дана саясаттың нә­тижесінде елімізде береке-бірлік орнады. Бірлігі жоқ елдің не болғанын көріп отырмыз. Тәуел­сіздік жылында өткізілетін кез келген шара өз еліне, өзінің Елба­сына деген шынайы ықыласын ұялататын шара болып өткізіле­тініне нық сенімдімін. Мемлекет басшысы М.Құл-Мұхаммедтің пі­кі­рін негізінен құптай келіп, аудандар орталық­тары мен елді мекендерде шерулер өткізудің қажеті жоқ дегендей ой білдірді. Оның есесіне Тәуелсіздіктің, ел Конс­титуция­сы­ның маңызын ха­лық­қа түсінді­ру жағына баса кө­ңіл бөлу қажет­тігін, жаңа та­рихы­мызды, әсіре­се, жастар ара­сын­да кеңінен на­си­х­аттауға назар аудару керектігін қазірден ойлас­тыруды тап­сыр­ды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына арналған іс-шараларды көп­шілік қауымға жеткізіп, насихаттауда БАҚ-тардың орны бөлек, рөлі ерекше. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев ха­бардар етті. Оның атап өтуін­ше, Тәуелсіздік мерейтойын өт­кізу­дің Тұжырым­дамасы әзірлен­ді, Президент Әкім­шілігі Бай­ла­ныс және ақ­парат министрлігімен бірлесіп, медиажоспар жаса­ды. Онда жыл ішінде атқа­ры­ла­тын шаралар нақ­ты көрініс тап­қан. Іс-шаралар бірнеше бағыт бойынша насихат­талады. Жыл­дың әр айында еліміздің қол жеткізген табыста­ры тақырыптар негізінде БАҚ-тар­да жан-жақты көр­сетіледі. Олар, Сіз атап өткендей, барлық қазақстан­дықтарға таныс­ты­рылуы тиіс. Бұдан соң Мәулен Әшімбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын  жұртшылыққа түсін­діру жайына  тоқталды. Оның хабардар етуінше, Жолдауды түсін­діру жұмыстары жеті айды қам­тиды. Президенттің өткен жылғы Жолдауын насихаттауда респуб­ли­калық және аймақтық БАҚ-тарда 38 мыңнан астам материал жарияланған. Биыл бұдан көп материал жарық көрмек.  Жолдауды тү­сін­діру, насихаттау ақпараттық жұ­мыстардағы негізгі басымдық­тардың бірі болып табылады. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған көркем және  деректі  фильмдер, бейне және аудиороликтер түсіріліп жатыр, деп жал­ғастырды сөзін Президент Әкім­шілігі Басшысының орынбасары. Жақын күндері олар телеарналарда көрсетіле бастайды. Соны­мен бірге, саяси  партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен қоғамдық-саяси және патриоттық акциялар өткізуді жоспарлап отыр­мыз. Бұл шаралар 1 мамыр­да,  4 маусымда, 6 шілдеде, 30 тамызда жалғасын тауып, 16 желтоқсанда қорытындыланады. Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ Тәуелсіздіктің толайым табыста­рын көрсететін кітаптар жарық көретінін, шетелдік БАҚ-тарда да Қазақстанның беделін көтере­тін материалдар жарияланаты­нын атап өтті. Алдымыздағы мақ­сат – Қазақстанның Тәуел­сіздік алғаннан бергі кезеңдерде қол жеткізген табыстарын қазақ­стандықтарға жеткізу, сол ар­қы­лы Тәуелсіздік қасиетті құнды­лық екенін әрбір азаматтың сана­сына сіңіру, деді ол. Бүгінгі кеңесте алдымызға ақпараттық на­сихатқа қатысты берген тап­сыр­­маларыңыз орындалатын болады. Биыл бірқатар көрші мемлекеттер де өздерінің Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығын атап өтеді. Мемлекет басшысы Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ке­ңе­сінде Ашғабадта жастар фестивалін өткізу туралы шешім қабылданғанын, оны да ұмытпау қажеттігін ескертті. Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендер 20 жасқа келеді. Мектепке барған 7 жастағы бала 27-ге, он жастағы 30-ға келеді. Сондықтан бұл жерде жастар тәрбиесі, жастар сая­саты ерекше рөл атқарады, деп атап өткен Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі  Ба­қыт­жан Жұмағұловқа сөз берді. Білім және ғылым ведом­ство­сының басшысы негізінен Тәуел­сіздіктің мерейтойына арналған Жалпыұлттық жоспардағы өзде­ріне қатысты шараларға тоқтал­ды. Бақытжан Тұрсынұлының ай­туынша, жоспардағы 136 ша­раның 26-сы Білім министрлігіне бекітілген. Өткізілетін бұл іс-шаралардың басым көпшілігі өз­дерінің болаша­ғын Елбасымен байланыстырған студент жастар­дың тәрбиесі мен біліміне бағытталған. Министрдің хабардар етуінше, білім беру саласының балалар бақшасынан бастап, әр мектеп пен жоғары оқу орындарында 16 мыңнан астам түрлі тақы­рыпта іс-шаралар өткізіледі екен. Осы­ның аясында «Қазақстанды 20 жылдығымен құттықта» деген жалпыұлттық конкурс ұйымдас­ты­рылады. Ең тартымды өтетін шаралардың бірі – шетелдерде оқитын 30 мың қазақстандық студент пен Қазақстанда білім алып жүрген 100 мың студент қатысатын халықаралық шара болмақ. Келесі кезекте «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин атап өткендей, партия Жалпыұлттық жоспарға сәйкес арнайы іс-қи­мыл жоспарын әзірледі, қазіргі кезде ол жүзеге асырылып жа­тыр. «Нұр Отанның» ұйымдасты­руымен еліміздің барлық өңір­лерінде 7 мыңнан астам шара өт­кі­зіледі. Оның барлығы мақсат­керлік тақырыптарға бөлінген. Сонымен қатар, жастарды ауыл-селоларды көріктендіріп, әлеу­мет­тік нысандарды салу құры­лыс­тарына көптеп тарту қарас­тырылып отыр. Партияның барлық 275 об­лыс­тық, қалалық, аудандық фи­лиал­дары өздерінің іс-қимыл жос­парларын жасады, деді Нұр­лан Нығматулин әрі қарай. Оларда нақты нысандар жөнінде көрсетілген және сол нысан­дар­ды қаржыландыру жергілікті ат­қа­рушы органдармен бірлесе жұ­мыс жүргізудің нәтижесінде шешілді. Бүгінде осыған байланыс­ты бірқатар шара жүзеге асы­рылды. Мысалы, 10 қаңтарда елі­міз­дің барлық аймақтарында Тәу­ел­сіздік табыстарына бағыттал­ған партиялық акция басталды. Ол жылдың соңына дейін жал­ғасады. Акцияның басты мақ­са­ты – Тәуелсіз Қазақстанның осы жылдар ішінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларда қол жеткізген жетістіктерін, бағындырған белестерін көп­шілікке ұғындыру, Жолдауда көр­сетілген әлеуметтік мәселелерді шешу. Мемлекет басшысы кеңесте атап өткендей, мерейтой жылын­да­ғы аса ірі шаралардың көпші­лігі Қазақстан астанасында өтеді және бастау алады. Бұл қала басшылығына ерекше дайындық жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Астана қаласының әкімі Иман­ғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына Астана күні қар­саңында елордада облыстардың күнін өткізу жайлы ұсыныс білдірді. Президент әкімнің бұл ұсы­нысын құптады. Кеңесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорытты. Мемлекет басшысы Комиссия төрағасының Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей­тойына дайындық туралы жаса­ған баяндамасында мазмұндалған іс-шараларды негізінен мақұл­да­ды. Одан соң Президент мерей­тойды ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға сал­ды. Тәуелсіздіктің мерейтойы мемлекеттің жаңа тарихындағы аса жарқын айтулы оқиға болуы қажет, деді Елбасы. Бұл 2011 жылдың ғана емес, Тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жол­дың квинтэссенциясы. Сондық­тан да бұл жыл халықтың әл-ауқа­тын көтеру және эконо­ми­каны сапалы арттырудағы жасам­паздық жылы болуы қажет. Ор­та­лық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы билік­тің жетекшілері оған басшылық етумен тыңғылықты айналы­сулары тиіс. Одан кейін Президент алдағы жұмыстардың 8 алгоритмін атап көрсетті. Оның біріншісі – 2011 жыл, бұл – Тәуелсіз Қазақстан­ның дамуын­да­ғы тарихи меже бо­лып табы­лады. Осы жылға ерекше мәртебе беру мақсатында бұл жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп ресми жария­ланды. Жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтетін болады. Екінші. Еліміздің мерейтойын жоғары деңгейде және тиімді өткізуді үйлестіру мақсатында Мемлекеттік хатшы басқаратын Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өт­кі­зу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамы­на Президент Әкімшілігінің, Үкі­меттің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, әкімдер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері кірді. Комиссия барлық мүдделі тараптар – мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйым­дар­дың ҮЕҰ және бизнестің күш біріктіруін қамтамасыз етеді. Үшінші. Мерейтойдың Тұжы­рымдамасы мен өткізілетін ша­ра­ларға қатысты. Мемлекет басшы­сының атап көрсеткеніндей, ме­рейтойды мерекелеуге арналған тұжырымдама ойдағыдай әзір­лен­ген. Тұжырымдамада әртүрлі бағыттағы ауқымды жұмыстар жоспарланған, деді Президент осы туралы. Оларды орындау керек. Формализмге, қайталау­шы­лыққа жол берілмейді. Кез келген шараның ерекшелігі мен маз­мұн­дылығы жоғары болуы тиіс. Үкімет «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалі туралы» Жар­лық­тың жобасын ұсынуы қажет. Бұл медальмен еліміздің қалыпта­суына және Тәуелсіздікті нығай­туда ерекше үлес қосқан азаматтар наградталады. Президент төртінші алгоритм ретінде Үкімет өткізілетін шара­ларды қаржымен қамтамасыз ету мәселелерінің жалпылай алғанда шешілгендігін атады. Мерейтой­ды атап өтуге мемлекеттік органдар ғана емес, іскер топтар да іс-қимыл танытулары керек. Бұл мерейтойды лайықты өткізуге қосылған азаматтық парыз болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Үкіметке «Самұрық-Қа­зына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, қазақстандық компания­лардың демеушілік қолдау көр­се­ту мәселесін дайындауды тапсырды. Алгоритмнің алтыншысы – тиісті ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­тарын ұйымдастыру. Президент бұл мәселеде, жалпылай алғанда, мазмұн бар екенін, енді осылардың барлығын сапалы түрде жүзеге асыру қажеттігін ата­ды. Жетінші. Саяси-гуманитар­лық институттарды, сондай-ақ шы­ғармашылық интеллигенция­ны Тәуелсіздіктің рөлі мен ерекшелігін таныстыруға белсенді қатыстыру. Мерейтой – Қазақ­стан­ның қазіргі заманғы та­рихы­на арналған ғылыми еңбектерді басып шығару үшін үлкен мүм­кіндік. Экономика мен әлеуметтік саланы реформалау, саяси жаң­ғыру, сыртқы саясатты құру, жаңа елорда, қазақстандық патриотизм мен халықтар бірлігі, өңірлік интеграция – осылардың барлығы жекелеген ғылыми еңбектерде көрініс табатын жаңа тақырып­тар. Осы бағытта нақты жұмыс­тар жүргізіліп жатқанынан хабар­дармын, деді Мемлекет басшысы. Нақты нәтиже күтеміз. Сегізінші. Тәуелсіздік мерей­тойын мерекелеуге азаматтық қо­ғам институттарын және тұрғын­дар­дың әртүрлі тобын кең көлем­де тарту. Мемлекет басшысы бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассам­блеясы ерекше рөл атқара­тынын атап өтті. Сонымен қатар, Қа­зақ­стан Азаматтық альянсы бұл іс-ша­раларға үкіметтік емес ұйым­дар­ды да тарту қажеттігін ескертті. Тәуелсіздік – біздің бо­лашақ ұрпаққа аманат етіп қал­дыратын ең басты игілігіміз, деді Елбасы сөзінің қорытынды­сын­да. Еліміз­дің 20 жыл ішінде қол жеткізген табыстары, қарқынды дамуы қа­сиетті ұғым – Тәуел­сіз­діктің арқа­сында келіп отыр. Біз оны еш­қашан да ұмытпауымыз керек. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.