• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Жауапкершілік. Түсіністік. Жеделдік.

366 рет
көрсетілді

Астана қаласы баспасөз ор­та­лықтарының жұмыс­ын үйлес­тіруші Медеу ҚАР­САҚ­БАЕВ­ПЕН әңгіме. – Астана қаласының Азиа­даға арналған бас­па­с­өз орта­лықтарының қыз­меті жай­лы айтып өтсеңіз. – Елордада Қысқы Азия ойын­дарына арналған баспасөз орта­лық­тарының саны төртеу. Ең бас­ты орталық «Думан» қонақ үйінің ғимаратында орна­ласқан. Ол өз жұмысын 28 қаң­тардан бастап кеткен болатын. Бұл жерде 150 БАҚ өкілдері бір мезетте жұмыс істей алады. 30 телеоператорлар мен фототілшілерге ар­нал­ған «Аристократ» жұмыс кабинетіміз де бар. Ол жерден бейне ма­териалдардың жұмыстарын жа­сай­т­ын барлық техникаларды та­басыз. Сондай-ақ, ойын нәти­же­леріне арналып жұмыс істейтін «INFA – 2011» бағдарла­малық 7 компьютер жаб­дықтал­ған. 10 монитор бір мезетте әр­түр­лі ж­а­рыс алаң­дарында болып жатқан дода­ларды көр­сетіп тұ­ра­ды.  Бар­лық орынға арнал­ған компьютерлер ғаламтор желісіне қосылып, телефондар да халықаралық бай­ланыс мүмкін­дігін жүзеге асыра алады. Мұн­да штаб бойынша 7 қадаға­лаушы қызметкер жұмыс істейді. Ең негізгі жауапты адам ол – бас­пасөз орталығының жұмы­сын үйлестіруші. Соны­мен қатар, сайт­қа салатын ма­териал­дардың үсті­нен қарайтын қо­сым­­ша редакторлар, «Қазақ­теле­ком» АҚ-тың жауа­пты қыз­меткерлері, кабель сым­дарын жүргізген мердігерлік фирма­ның жұмысшы­лары, шетелдік журналистермен жұмыс істейтін менеджерлер де қарастырылған. Бұдан басқа орталықтар «Қа­зақ­стан» спорт кешені, Конькимен сырғанау стадионы мен Рес­публикалық велотректе жұ­мыс істейді. «Қазақстан» спорт ке­шенін­де 95 орынды болса, Конь­кимен сыр­ғанау стадио­нын­да 40, Респуб­ликалық велотректе 55 орын бар. Олардың да тех­никалық жағдай­лары біздікімен бірдей. Барлығын­да жиын өткі­зетін арнайы орындар бар. Ол жерлер синхронды құрыл­ғылар­мен жабдықталған. – Медеу Серікұлы, жұмыс барысында қиын­­шы­лықтар не­­месе есте қалар­лықтай оқи­ға­лар болды ма? – Қиыншылықтар болмады емес, болды. Бірақ шешілмейтін мә­се­ле жоқ қой. Олардың бәрі жұмыс барысында шешіліп жатты. Ал енді есте қала­тын оқиға туралы айтсам, есіме бірден бас баспасөз орталық жұмыс істеген күннен бұрын бол­ған бір жайт түседі. Баспа­сөз орта­лық­тарындағы безендірілу жұмыс­тарына жауапты адам­­дар өздері­нің жұмыстарын 28-і күні таңер­тең бізге көр­сетуге тиіс болатын. Алайда біз алдын-ала бә­рін то­лығымен тексеріп шы­ғайық деген оймен бір күн бұрын олар­дың жұ­мыстарын көр­дік. Сол кезде ақ­параттық тақтай­ша­лардың, ар­найы стендтердің безендірілуі бізге онша ұнай қоймады. Сөй­тіп, қайтадан жасау керек бол­ды да келесі күні қайтадан дайын­да­лып, көңілге қонымды болып шықты. – Шетелдік ақпарат құрал өкілдерінің көмек сұрап, сіздерге жүгінген кездері болды ма? – Ондай жағдайлар көп бол­ды. Жасыратыны жоқ, олардың тараптарынан кішігірім ескерту де алдық. Әрине кемшіліксіз нәр­­се болмайды ғой. Қарбалас­тықтан кейбір ақпараттық шикіліктер болды. Азиадаға ар­нал­ған веб-сайт бетінде хоккейге арнал­ған ақпараттар тізбегінде хоккей­дің қай түрінен болатын­дығы жайында жазыл­мапты. Бір жағы­нан  анықтап алу үшін біз­дің кө­мегімізге жүгінді. Ал екінші жағынан біз үшін бұл үлкен бір тәжірибе болды. Енді ондай шикіліктерді болдыр­мауға сабақ алғандай болдық. – Азиадаға арналған сайт­тағы мәліметтер қанша уа­қыт­та жаңартылып отыра­ды? – 10-15 минөттің ішінде. Әңгімелескен Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.