• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Тағдырыма ризамын

414 рет
көрсетілді

VІІ Қысқы Азия ойын­дарының Астана мен Алматыда өтуі ел өміріндегі елеулі жаңа­лық. Оның үстіне төрт жылда өтетін дүбірлі жарыс Азия елдері ішінде тұңғыш рет тәуелсіздіктің 20 жылдығын атағалы отырған Қазақстанда болуы кез келген отандасымызды қуанышқа бөлей­тіні сөзсіз. Азия ойын­дарының салтанатты ашылуына жасым 74-тен асып кетсе де кіндік қаным тамған Луговойдан арнайы келдім. Бүкіл қазақстандықтар және шетелдіктер Азиаданың салта­нат­ты ашылуын өз көздерімен көріп, ерекше тебіренгені сөзсіз. Еліміздің кешегісі мен бүгінгі­сінен терең сыр шертетін сахна­лық көрініс ерекше әсерлі өтті. Тіпті, бұл көріністен еліміздің небәрі 20 жыл ішінде талай асулар мен белестерден өткенін аңғартса керек. Мен де Азия ойындарының ашылу салтанаты кезінде ерекше тебірендім, келешекте де Қазақстанның атақ-даңқының асқақтай беретініне көз жеткіздім. Де­мек, өз жерімізде өтіп отырған Азиада да ко­ман­далық есепте ал­ғашқы үш­тік­тен көрінсек, абы­рой болар еді. Елбасы Н.Назарбаевтың ашылу сал­тана­тында сөйлеген сөз­дері тәуелсіз Қазақстанның алар асулары­ның әлі биік екенін аңғартса керек. Ең соңында жеті бірдей айтулы азаматтарымыз­дың Азия ойын­дарының алауын жаққаны қан­дай әсерлі болды десеңізші. Жеті цифры жамба­сымызға оң келеді. Демек, үштік­ті қойып, коман­далық есепте топ жарсақ, айып емес шығар. Ермахан – менің жетінші балам. Анасы екеуміз 10 баланы тәрбие­леп, өсірдік. Алау жаққан Ерма­ханымның ізбасар­лары бола­шақ­та да көбейе берсе деген ойда­мын. Сағи ЫБЫРАЙЫМОВ, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың әкесі. Суретте: Сағи ақсақал  Азиа­­даның ашылу салтанатын тамашалап отыр.