• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

Сена өзенінің тасуынан Париж көшелерін су алып жатыр

747 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 маусым. Соңғы күндері тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Сена өзенінің арнасы толып, Париж көшелерін су ала бастады. Бұл туралы «Интерфакс.Ру» ақпарына сүйенген egemen.kz хабарлады. Бүгін өзеннің француз астанасы орталығындағы тұсы алты метрге дейін көтеріліп кеткен. Оның деңгейі әлі көтеріле түсетін түрі бар. Францияның қоршаған орта министрлігі судың Аустерлиц көпірі ауданы тұсындағы деңгейі өлшенгенін мәлімдеді. Жұма күнгі болжамға қарағанда, Сена суының деңгейі 6,3 немесе 6,5 метрге дейін жетуі мүмкін. Француз сарапшыларының айтуларынша, алдағы демалыс күндері жағдайдың бұдан аса қатты өзгеруін күтуге қоймайды. Ал алдағы аптаның ішінде жағдай біртіндеп қалыпқа келе бастайды. Парижде жұма күні қауіпсіздік шараларын қарастыру мақсатында Сена жағалауында орналасқан Лувр жабылды. Су тасқынынан зардап шегу қаупі бар музей экспонаттарының бір бөлігі басқа жаққа көшіріліп әкетілді. Бұдан басқа, алдағы сейсенбіге дейін Орсе музейі де жабылады. Хабарланғандай, Сена суының деңгейі соңғы күндері Францияда селдетіп құйған нөмердің салдарынан күрт көтеріліп кеткен. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Интерфакс.Ру.