• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 07:50

Іргесі берік ағаш үй

20 рет
көрсетілді

Қарағайлы Қарабұлақ ауылында көненің көзіне айналған ағаш үйдің қабырғасы қаланғанына ғасырға таяған. Іргетасынан бастап, шатырына дейін шеге қағылмай салынған жәдігердің тарихы туралы ауылдағы мәдениет үйінің директоры, суретші-мүсінші Ержан Қожахметұлы әңгімелеп берді.

«Бұл үйдің құры­лысында бірде-бір шеге жоқ. Шыршалардың сайлары арқылы қобыланып салынған көне жәдігер. Өздігінен құламайтын берік үй. 1928 жылы тұрғызылған. 1932 жылы Қарадала өңіріндегі Қырғызсай ауылындағы балалар үйін осы жерге көшіріп әкелген. Мектеп-интернатта балалар жатып оқыған. Бұл қара шаңырақта ауылымызда дүниеге келген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ республикасының Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі Молдан Әлдер­баев, тарихшы-академик Кеңес Нұрпейісов сауат ашып, білім алған. Осын­дай киелі шаңырақты сақтап қалуға ауылымыздан шыққан қалталы, жанашыр азаматтар әрекет етіп жатыр. Алдағы уақытта ауылдық музейге айналдырып, ел игілігіне жаратуға ниет­тіміз», дейді ауыл азаматы, өнер жанашыры Ержан Қожахметұлы.

Жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрай­тын ағаш үйдің іші 3 бөл­меге бөлінген. Алғаш қалан­ғаннан бастап ауыл балаларының білім алуына есігін ашқан ағаш үй 2020 жылға дейін балабақша ретінде пайдаланылып келген. Одан бергі жылдары есік-терезелері бү­лін­генімен, қабырғасы әк­теліп, едені сырланған күйі тұр.

 

Алматы облысы,

Қарабұлақ ауылы

 

 

Соңғы жаңалықтар