• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2011

Құжаттың жұмылдырушы қуаты

349 рет
көрсетілді

Елбасының 2020 жылға дейінгі ел дамуының стратегиясы айқындалған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы жер-жерде нақты іс-қимыл бағ­дар­ламасы ретінде қабыл­да­ну­да. Осынау бағдарламаның іске асуы республикамыздың эконо­ми­касы тиімді және халықтың тұрмыс деңгейі жоғары күшті мемлекетке айналуына мүмкін­дік бермек. Аса маңызды құ­жат­ты талқылауға арналған Алматы қаласы активінің жиналысында осы сөздер алтын өзек болып өрілді. Жиынға қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, сөз сөй­леді. Ел тәуелсіздігінің жи­ыр­ма жылдығы қарсаңында жария етілуі Жолдаудың тарихи мән-маңызын айғақтай түскен­дей. Онда экономиканы жеделдете жаңаландыруға үлкен көңіл бө­лінген. Президент атап көр­сет­кеніндей, біздің экономикамыз­дың бәсекеге қабілеттілігі энер­гия шығындарын кемітуді қам­та­масыз ететін тиімді техно­ло­гия­ларға негізделуі тиіс. – Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қа­лыптастырады, ал мұның өзі би­лік­тің жергілікті органдарына ерекше жауапкершілік жүктейді, – деді А.Есімов. – Бүгінгі таңда Алматыда ел Президенті Жолдауда алға қойған міндеттерді орын­дап шығу үшін барлық алғы­шарттар бар. Шынында да қала эконо­микасы өрге басуда. Өткен жыл­дың қоры­тын­дылары бой­ынша экономикаға соңғы жыл­дарда болып көрмеген мөл­шер­де күрделі қаржы са­лын­ды. Азиада нысандарының құры­лысы жөніндегі Елбасы тап­сыр­ма­сы орындалғандығы атап өтілді. Жолдауда биік рух, үлкен саяси мән бар екендігі ай­тылды. Ол ұлтты өзінің барша мүмкіндіктерін, халық қуатын жарқын болашақ үшін жұ­мылдыруға шақырады. Қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, басқа да сөй­леушілер республикамызда және Алматыда қол жеткен табыстар Нұрсұлтан Назар­баев­тың жоғары беделінің ар­қасында мүмкін болып отыр­ғандығын мәлімдеді. Актив жиналысында алма­ты­­лықтар Мемлекет басшы­сы­ның сенімін ақтап, алға қой­ыл­ған межелерді абыроймен еңсе­ретініне сенім білдірді. Қорғанбек АМАНЖОЛ. Алматы.