• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2016

Көкшетауда жемістен жасалған балмұздақ шығару қолға алынды

352 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 6 маусым. Ақмола облысының орталығында балмұздақтың жемістің дәмі бар жаңа түрі шығарыла бастады. Бұл туралы 24.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Зауытта балмұздақты ескі әдіспен жасаймыз. Оны ешқашан өзгертуге әрекет еткен жоқпыз. Дәмі тура біздің балалық шағымыздағы тәттіге ұқсайды. Зауытта тәулігіне 7 тонна балмұздақ шығарылады», - деді зауыт технологы Нина Федосеева. Оның айтуынша, кәсіпорын табиғи өнімдері мен дәстүрге адалдығын тұтынушылар жоғары бағалайды. Бүкіл елге тарайтын кілегейлі пломбир, шоколадты балмұздақ тез өтіп кетеді. Қазір ол қарақат, құлпынай мен киви дәмі бар жемісті балмұздақтар шығаруды бастап кетті. Осыған орай цехтағы қондырғылар жаңаланды. «Мемлекеттің қолдауымен биыл 25 млн. теңге инвестиция тартылды. Соның арқасында өндірісті ұлғайтып, жемісті балмұздақтың тағы 6 түрін шығармақпыз. Итальяндық джелато балмұздағын да өзіміздің тәсілмен өндірмекпіз. Сонымен қатар чечил, ерітілген және қатты ірімшіктердің де өндірісін қолға аламыз», - дейді  зауыт директоры  Әсен Жақсылықов. Зауытта сүт өнімдерінің 30-дан астам түрі шығарады. Оның құртына ресейліктер де қызығушылық танытып отыр. Екі жүз адам еңбек ететін кәсіпорынның өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Бақберген Амалбек. Дерек: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар